Николай Степнов - қазақтың тұңгыш саяхатшысы.

Николай Степнов - қазақтың тұңгыш саяхатшысы.
жеке
блог

Қазақ тарихына көз жугіртетін болсақ тарих бетінде қалған көптеген ұлы тұлғаларды байқауға болады. Солардың көпшілігі еңбегі есте қалып тарих толқынында қалғаны белгілі. Алайда өкінішке орай  жасалған енбеқтеріне сай даңқ ала алмай кеткен тұлғаларда бар. Сондай ерлердің арасына Әліби Тоғжанұлы Жангелдинді жатқызуға болады. Қазіргі қоғамға, әсіресе жас буынға аса танылмаған бұл кісі он тоғызыншы ғасырдың басында сол заманның политиқалық, мадениеттік өміріне белсенді араласып, көптеген мақтауға тұрарлықтай істер жасап кеткен болатын. Сол уақытта атақты болған ол тарих парақшаларында 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының бірі ретінде білеміз. Бірақ ізденіп архивтер мен басқа да материалдарды ақтарып қарайтын болсақ бұл ағамыздың қазақ дүниесіне әкелген еңбегі зор екенін байқауға болады. Бірақ оларды талдамастан бұрын, бұл кісінін өмір баянын айта кеткен жөн болар.

Әліби Жангелдин 1884 жылы Торғай облысы қазіргі Жангелдин ауданында Байдауыл аулында кедей жанұяда дүниеге келеді. Оның ауылында мектеп болмаған, бірақ күндердің күнінде аулға қолөнер мектебінің мұғалімі келеді. Мұғалім Әлібидің еске сақтау қабілеті мен білімге деген құштаршылығына таң қалады. Білім алып дамығысы келген ол ұйден қашып, Торғайдағы мектепте білім алады. Алайда әкесі оның артынан барып ұйіне қайтарып алады екен. Далада болып жатқан оқиғалар мен өмірге қызыққан ол тағыда қашып, Торғайдағы мектепті үздік оқумен ерте бітіреде. Оқуға деген қабілетімен көзге түскен ол мектеп арқасында Орынбордағы  рухани консисторияға түседі. Ол жерде жақсы оқып, кейннен Мәскеудегі тарих акадимиясының факултетіне жолдама алады. Бірақ артынан діни сенімсіздер қатарына жатқызылып оқудан шығарылады. Шығатынын біле отыра басқа елдерге қызығушылығы мол ол, әлемді саяхат етуге бел буады. 1909 – 1913 жылдар аралығында әлемді шарлаған ол 1913 жылы өз еліне оралады. 1913 жылы қазақ жерінде большевиктардың идеясын насихаттады. 1916 жылы Имановпен бірігіп 1916 жылғы көтеріліске белсенді қатысады.1918 жылы мамырда Дала өлкесінің төтенше комиссары болып тағайындалды.

Үстіде айтылған өмір баянынан  бұл кісінің жастайынан өмірге деген құштарлығы мен қызығушылығы өте көп болғаны байкалады. Сол қызығұшылық арқасында Жангелдин ағамыз әлемді шарлаған тұңғыш қазақ ретінде тарихта қалды. Николай Степнов атымен ол Еуропа, Таяу Шығыс, Африка, Азия елдеріне жаяу саяхат жасады. Қазіргі таң тұрмақ сол кездегінің танғаларлықтай жайт болғаны сөзсіз. Күніне 50 километрдан жүріп тұрған ол далада қалай күн көріүн жетік менгерген. Бұл жерде ағамыздың ер жүректігі мен батылдығын атап өткен дурыс болар себебі еш қарaжатсыз айдаланы зерттеуге шығып отыр және ертенгі күні не болатынын білместен өз мақсатынан тайынбай алдыға жүріп отырған. Менің пікірімше ол кішкентайынан кең далада өз бетімен әрекет етуге, қорықпауға үйренген. Себебі 12 жасына толмай ол бір неше рет үйден қашып күн көре білген. Сондықтан есейе келе, әлемді шарлай жүре онда болашығына байланысты еш қорқыныш тауындамаған. Тек алдыға сүйрегені таусылмайтын қызығушылық пен ізденіс.

Тағыда бір айта кететін жайт ол барган жерлерін сол кездегі фотоаппаратпен суретке түсіріп, аттаған жерінің мәдениеті мен қалаларын сипаттап отырған отырған, бірақ 1953 Әліби қайтыс болғаннан кейін артынан қалған барлық материалдарды түгелдей үкемет алып кетті. Кейбір деректерде қолданған фотоаппаратын саяхатқа шығар алдында, өзі жасап құрастырып алған деген деректер бар. Бұл Әлібидің тапқырлығы мен жанжақтылығын көрсетеді. Қазақ ерлерінің арасындаға ең алғашқы фотограф десе де болады, себебі одан бұрын қазақтардың осындай техникамен жумыс жасағаны туралы деректер табу өте қиын.Сол кездегі Казақстанның өзге Еуропа мен Азия елдеріне қарағанда дамуы артта болғаны бәріне мәлім. Бірақ соған қарамастам Әлібидің суырылып шығып бүкіл әлемді шарлағаны үлкен жетістік.

Көптеген дамыған мемлекеттерді көрген ол қазақ жеріне ненің жетіспейтіндігін анық білді. Сұйтіп ол елге ораласалып билікке араласып, болшевиктардың идеясын насихаттады. Оның бұл әрекетін ұғуға болады себебі ол басқа мемлекеттерде бола отыра олар неліктен солай дамығандарын және мемлекеттің қалай басқарылуы жөнінде көзі ашылды деп санаймын.Тіпті, Жангелдин 1911 жылы Женевада болған кезде Ленинмен кездесті деген ақпарат бар. Бұл рас болса Әлібидің мықты қоғам қайраткері болағаны айдан анық. Ең алғашқы болшивизм идеясын Ленинның арқасында қолдаған ол елге орала қазақтардыңда дамыу үшін, және отар болып қалмауы үшін социализмға бас бұрғаны дұрыс болатынын білді.

Әліби Жангелдин туралы тағыда қозғалып кетуі тиіс жайт ол әрине оның 1916 жылғы көтеріліске қатысқандығы. Көтерілістің алдыңғы қатарында болған ол, көтеріліске ауқымды үлесін тигізді. Ең манызды үлесі ол көтеріліс қолбасшысы Амангелді Имановты болшивизм идеясын колдауға әсерін тигізуі. Амангелдіні большевиктар қатарына косылғаны, оның тарих тасасында қалып қоймауына қазіргі біз білетін Амангелді Иманов болуына септігін  тигізді.

Қорытындылай келе Әліби Жангелдиннің тұлғасын тиісті мөлшерде ашалды деп санаймын. Ағамыздың ерекше дарынды және ақылды азамат болганы айдай анық. Артынан қалдырып кеткен енбектері зерттелмегені әрине өкініштақ Жоғарыда айтылып кеткен Жангелдинге әркім өз бағасын берер. Алайда менің бұл кісі жайлы пікірім өз кезеңінің ең белсенде адамдарының бірі және қазақстанның тарихының сипатын белгілі мөлшерде өзгерте білген қоғам қайраткері болды деп есептеймін.