Мұрасы өшпес баба Мәшһүр мекені

Көзі тірісінде өз бағасын ала алмай кеткен Мәшһүр есімі қазіргі таңда ең айтулы мәселеге айналып отыр.Болмысы өзгелерден өзгеше ағартушының әр жазған сырға толы қазынасы оқырман жанын лезде тербеп өткендей.Бүгін мен,Кәдірбекова Мәдина Мәшһүр атамыздың туып өскен өлкесінде болған бір күн туралы өз қызықты оқиғаларыммен бөліссем.

Шындықты шынайы жазумен ерекше бағаға ие болар қазақтың көрнекті ақыны Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының кесенесі мен мұражайына баруым – мен үшін үлкен мәртебе.Республикалық Мәшһүр Жүсіп атамыз туралы өткізілген жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен көптеген оқушылар келді.Біршама идеялар арқасында Мәшһүр атамыздың есімін насихаттау жолдарымен,киелі бабамыз туралы ел естімеген тың ақпараттармен таныса білдім.Ал,ақынның мұражайына барғанымның өзі – білімімнің толыға түсуіне септігін тигізді.Мұнда Мәшһүрдің өмірде пайдаланған дүниелерімен таныса білдік және оның мұраларының түпнұсқасын өз көзімізбен көрдік.Одан өзге мен бұл мұражайда Баба Жүсіптің немересі Қажымұқан Пазылұлымен сұхбаттастым.Сұхбат барысында өмірдегі Мәшһүр туралы тың ақпараттар біле алдым.Сонымен қатар,бұрыңғы заман мен қазіргі заман айырмашылығына да тұлға тоқталып өтті:

«Бұрыңғы уақытта ата-бабаларымыз құдайдан тілеп,бала-шағаларына бата беріп,бес уақыт намазын оқып отырушы еді.Ол уақытта олардың Бекет атаға барар,әулиелерге зиярат етер мүмкіншіліктері болған жоқ.Алайда олар намазын оқып,батасын беріп,алып отырған.Ал қазір не? Қазір үлкен сексендегі қарттардың өзі бата бермейді,сұрасаң білмейді.Қазіргінің әжелері сәнге құмар.Бұрын әжелеріміз жақсы,қазақи иіс шығып тұратын.Көріп отырсыздар,біз қазір қазақилықтан қалып барамыз» деген Қажымұқан ағамыздың зілді сөздерінде ащы шындық бар.Міне,осы сынды әртүрлі тақырыпта ағамызбен сұхбаттың арқасында тың мәліметтермен өрісімді кеңейте түстім.

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының мұражайы мен мешіті орналасқан жердің табиғатының өзі бөлек бір әңгіме.Мамыражай,тыныш көк аспанмен ұштасқан жап-жасыл мамық өңір адам бойына жылулық ұялатқандай.Ерекше әсерімді сөзбен жеткізу мүмкін емес.Әрбір қазақ өмірінде бір рет болсын бұл өлкеде болғаны дұрыс.Павлодар өңірін орыстанған жер деп ойлаған мен үшін,Мәшһүр отанында болуым қазақилықты көз алдыма елестете білді.Өз сөзімді осы бір атамыздың өсиет-өлеңімен аяқтағым келеді:

«Бұл жалған қанша қусаң,ақыр-өлім,

Аларсың бір сыбаға онан тыйым.

Дүниеде өзің өлсең,сөзің қалсың,

Сөйлеп қал осындайда,қызыл тілім!»

Мәшһүр бабамыз халықтың әрбір ұрпағын отан үшін,ел үшін пайдалы қызмет қылуға шақырады.Баба мұрасын аяқасты етпей,келешек ұрпаққа жеткізу біздің парызымыз!



Бөлісу: