Менің естен кетпес жазғы демалысым!
блог
Менің бұл бағдарламада қатысу себебім:
Жыл сайын 3000нан астам Қазақстандық студент Work&Travel атты жазғы бағдарламаға қатысады. Сондықтан, оқу барысында барлық әңгімелер әр жоғарғы оқу орынның бағдарлама қатысушыларының шетелдік ұмытылмас жазды қалай өткізгені туралы болса таң қаларлықтай емес. Бір кездері мен де еріксіз көңілді әңгімелердің тыңдаушысы болдым. Сонда маған осы ой келді. Достарымды ұзақ көндіруге қажеті болған жоқ, біз бірден көңілді компаниямен сапарға дайындалдық. Дайындыққа бүкіл оқу жылын кетті. Толық құжат жинаудан бастап жұмыс іздеу ұзақ уақыт алды. Барлық ой алда келе жатқан жаз туралы ғана болды. Биылғы жыл ұзақ та - жылдам болды: ұзақтығы маужырап күтуден, ал жылдамдығы барлық әбігерлік пен жазға дайындықтан болды. Басынан соңына дейін барлық кезеңдерінен өткен соң, мен соңында Алматы – Нью-Йорк ұшағында отырдым.
Бірінші әсерім:
Келгеннен кейін бастапқы бірнеше секундта осы бағдарламаның көркемдігін ауқаттана бастайсың. Өйткені, жерге қонғаннан кейін өз-өзіне қамтамасыз боласын. Сені жетелейтін ешкім жоқ. Әуежайдан шыққан соң сен бұл елмен оңаша қаласын. Ұйқысыз түндердің арқасында «аман қалу» туралы форумының жүргізілуі барысында біз достарымызбен Америкада жаз бойы отетін қалаға жету үшін не істеу керектігін білдік. Бірақ, бұл жерде бізді тосын сый күтіп тұрды: ағылшын тілінде оқи тұра, біз «янкимен» оңайлықпен тіл табыса алатынымызға сендік. Бірақ, бұл елде барлығы бізге үйреткен ағылшын тілінде сөйлей бермейтіні анықталды.Тек үшінші мүмкіндіктен біз такси жүргізушісіне қай бағытқа жөнелуіміз керектігін түсіндіре алдық. Алғашқы такси жүргізушісі бізбен қытай тілінде сөйлесті, ал екіншісі акцентпен сөйлегені сонша, оны тіпті түсіну мүмкін емес болды. Ақыр соңында үшінші мүмкіндіктен біз Нью-Йорктің сары түсті такси көлігімен тағайындалған жерге жеттік.
Жолдар туралы жеке айтып кеткім келеді. Біздің жолда 13 сағат өткізгенімізді ескере отырып, әуежайдан уақытша болашақ үйімізге дейінгі 5 сағаттық жол бізді мүлдем шаршатқан жоқ. АҚШ-тың жол жүйесі тым тамаша болмаса да, соған жақын екені анық. Тіпті қаланың шетіндегі жолдардың сапасы қалалық көшелерден кем емес. 700 шақырым өткеннен кейін бізге осы 3 айда қымбат болып үлгерген Wildwood қаласына жеттік. Біз жалдау шарттарын Қазақстанда келіскен үйді тез таптық. Ол үйді табуға АҚШ-та соңғы жазын өткізген досымыз көмектесті. Сағат таңғы 3 болғанына қарамастан, үйдің иесі бізді жылы шыраймен қарсы алды. Ол бізді үйге кіргізіп, шағын экскурсия жасап, «Welcome to the United States of America» сөздерімен шығып кетті. Сонымен, 1 күнімізді жолда өткізгеннен кейін біз қалаған жерімізге жеттік. Осы уақытқа дейін біз мұхитты кесіп өткенімізге, әлемнің басқа шетінде екенімізге толық сене алмадық. Бәріміз шытырман оқиғаларды асыға күттік.
Жұмыс:
Үш ай бұрын келіскен болашақ жұмыспен біз келесі күннің таңында танысуға бел шештік. Ол Ирландық мейрамхана болатын. Кейінге қалдырмай біздің менеджер тез арада жұмыс жайын түсіндірді. Ол бізбен таңқалардай сыпайы әрі мейірімді болды. Біз сол сәтте толығымен жұмысқа кірісіп кеттік. Айтқанымыз бен жазғанымызға қарағанда жұмыс қиын болмады. Біздің міндетіміз мейрамхана қонақтарының үстеліне асты апару болды. Америкада мейрамхана бизнесінің құрылымы біздікіне қарағанда мүлдем басқаша болып табылады. Бізде бүкіл ауыртпалық даяшыларға жүктеледі, онда даяшылар тапсырыс қабылдап, сусындар мен есепті әкеледі. Олармен қатар қонақтарды қарсы алып, үстелдерге отырғызып, тамақтанып болған соң үстелді жинайтын адамдар және тапсырысты әкелетін біз болдық. Сондықтан, біз үлкен ұжым болдық. Біздің жазды анықтайтын фактор сол болды. Біз әрқашан жұмысқа шын ықыласпен баратынбыз. Өйткені, бізге жылумен және құрметпен қарайтын мейірімді қызметкерлердің бізді қарсы алатынын білдік. Жаздың соңына қарай олардың көбісі біздің жақын досымызға айналды, олардың кейбіреулерімен біз әлі де хабарласып тұрамыз.
Сапар:
Шет елге үйреніп және аздаған ақша жинап, біз өз қаламызды тар және іш пыстырарлық болып кеткенін түсіндік. Біз достарымызбен жиналып, Американың шығыс жағалауын жаулап алуды шештік. Картадағы бірінші нүкте Ниагара сарқырамасы болды. Одан біз оңтүстікке, атақты Гарвард пен Массачусетс технология институты орналасқан Бостон қаласына жол тарттық. Сондай-ақ біз Beyonce және Jay-Z сияқты әлемге танылған әншілердің ән кешіне, Манчестер Юнайтед және Интер Милан футбол матчіне және біздің мақтанышымыз - Геннадий Головкин үшін жанкүйер болуға да үлгердік. Одан біз АҚШ астанасы - Вашингтон қаласына аттандық. Соңғы аялдама Нью-Йорк қаласы болды. Әсерлердің ауқымын қысқаша сипаттау мүмкін емес, соңдықтан саяхатымызды жаңа бір басқа блогта сипаттау керек деп ойлаймын.
Қорытындылай келе, менің ойымша, бұл менің мәңгі есте қалатын естеліктерімнің шағын ғана бір бөлігі болып табылады. Дегенімен, осы блог, бұл ұмытылмас жаздың негізгі сәттерін қозғады деп сенемін.