Барша мұсылманның арманына айналған Мекке қаласының сіз білмейтін қасиеттері.
1. Бұл қалада аңшылық жасалынбайды. Тіпті бұл қаланың бұтағын сындыру күнә және мұнда жоғалған болмашы затты иемденіп алуға тыйым салынған. Су ішкен жанның тілегі қабыл болады.
2. Адамның ойы да күнә болып жазылатын жер бетіндегі жалғыз мекен. Бұл жерде миллиондардың күнәсі төгіледі, зағиптың көзі ашылады, мүгедек аяққа тұрады, қиналғанның жолы ашылады. Бұл аймақтағы 1 намаз басқа жақтағы 100,000 намазға тең келеді. Әрі мұнда жасалынған тілектер мен Алланың арасында перде болмайды.
3. Бұл "қажылық" орындалатын жер бетіндегі жалғыз мекен. Меккені саф-саф болып періштелер қорғап тұрады. Тау-тау кешірілместей күнә арқалап пенде мұнда анасынан жаңа туылған сәбидей пәк болып, үйіне оралады. Меккеге Алла шақырған адам ғана келеді, әрі мұнда келген адам Алланың қонағы болады.
4. Мекке - Алланың ең алғашқы аяты түскен қала және адамзат баласының Адам атадан басталған алтын бесігі. Барша әлем мұсылмандарының жүзі бұрылатын Құбыла осы қалада. Сен бұл қалада Жәннаттан түскен қара тасты сүю бақытына ие боласың.
5. Мекке - Құнанбай қажылық жасап, Шәкәрім тәубе еткен жер. Мекке - Исламның бұлағы, Пайғамбарлар тұрағы. Жер шарының кіндігі, Құбыласы шырағы. Бұл Пайғамбар Мұхаммед (с.а.с) дүниеге келген жер.