Қызыққа толы Европаға саяхат

Қызыққа толы Европаға саяхат
жеке
блог

Cәлем, Массагет! Өзіңе кірмегелі, блок жазбағалы бір талай уақыт болыпты. Тіпті бұл уақыттың ішінде қалай өзгеріпсң кеткен, массагет! Арадағы біраз үзілстен кейінгі алғашқы жазбамды Европады саяхат жайлы, бастан өткен қызық уақиға жайлы жазсам деп  едім. Сөкпессіздер!)

Магистратурада оқиытын топтастарымызбен жазда Польшаның Люблин қаласына ғылыми-зерттеу тәжірибиесінен өтуге барған едік. Тәжірибие біткеннен кейін қыздармен Европаға келіп тұрып Парижді көрмей кетуге болмайды деп шешіп, Парижге қарай 6 қыз жолға шықтық. Енді бәрін басынан бастап рет-ретімен айтып берейін. Саяхат барысында біздің бастан өткендеріміз мүмкін біреу болмаса біреудің қажетіне жарар, біреу сабақ алар.

Сонымен:

1. Шет елге шығу үшін алғашқы әрекет бұл виза жасау мен ұшаққа билет қарастыру. Біз визаға өтінішті электронды түрде беріп, бір аптадан кейін визамызды алдық. Студент ретінде шығып бара жатқандықтан. Мұнымен ешқандай мәселе туындамады. Мәселе ұшаққа билет алуда басталды. Уақыт тығыз, тікелей рейске билет жоқ. Барлығы транзит. Уақыт жақындағаннан кейін бағасыда қымбат. Әйтеуір не керек, алты адамға Ресей арқылы билет табылды. Билетті неғұрлым ерте алса, ол ғұрлым бағасы да арзан болады.

2. Эйр-Астана әуе компанниясымен Ресейге шықтық. Ресейді Шереметьова әуежайында 6 сағат бойы Варшаваға дейінгі рейсімізді күтік. Әрине, бос отырмадық Шереметьеваның іші шағын қала дерсіз. Не керектің бәрі бар ғой. Біз сол жерден бір өзбектердң асханасына барып, кешенді түскі асымызды ішіп тойып алдық. Сауда жасайық десек, қалтамызда Ресей рублі жоқ. Бұл жерде көп  болмайтын болғандықтан, рублге көп ақша аудармадық. Сонымен ары қарай Польшаның әуе компаниясымен Варшаваға қарай отырдық. Өзімізше Польшалық ұшақтар жақсы шығар деп қоямыз. Ұшаққа кіргенде көңіліміз су сепкендей басылды. Ұшақ ескі, мен қанаттың жанында отырғанмын, терезеден сыртқа қарасам, ұшақ қанатынын темірлері қаңқасы шығап тұр, жүрегім зірк ете түсті. Үшақ көтерілгенде турбалентность болды ма, қатты дірілдеп, кетті. Ауа райы да бұзыла бастаған еді сол кезде. Ұшақтың түрінде көргенде қорқып отырған біздің  біздің, мүлде жүрегіміз ауызымызға келді. Қасымыздағы бір қыз тіпті ұялы телефонына «Мама, я вас всех очень люблю», деп смс те жазып үлгеріпті))))). Эйр-Астанаға жетпейді. Тіпті ішінде тегін чай жоқ. Біздікі ғой қай уақытта отырсаңда қарыныңды тойдырып, көңіліді табады.)))) Қойшы не керек, әйтеуір жеттік ау Варшаваға. Әуежайдан түсе сала теміржол бекетіне қарай жүгірдік. Келе сала Люблинге поездқа билет алып, ары қарай жолға шығып кеттік. Бұз кезде Қазақстанда түнгі 10 ал Польшада 6 еді. Бұл біздің өміріміздегі ең ұзақ күн болды. Қазақстан уақыты бойынша шығып екі сағаттық белдеуді ауыстырдық. Кешкі 20-ларда Люблиндегі жатақханамызға келіп қоныстандық. Польшалық комендат бізді жақсы күтіп алды. Бірден бөлмелерімізді, чайник, ылдыстарымызды беріп, жайғастырды.

3. Сынақ күндеріміз біркеннен кейін қызармен Парижге жолға шығайық деп шештік. Мұны естіген Польшалық оқытушымыз. Осы келгендердің бәрі сол жаққа қарай асығады. Польшаға келгеннен кейін Краковты көрмей кетуге бболмайды де. Бізді өз көлігімен автобекетке апарып, Краковқа дейін билет алдырды. «Бармаймыз»? деп айтқанға ыңғайсыздандық, келістік. Сонымен түнгі 10- да Краковқа жүруіміз керек еді, автобус екі сағатқа кешігіп, түнгі 12-де бірақ жүрдік. Далада жаңбыр деген жауып тұр. Барлық жолаушылар далада автобусты күтіп тұрмыз. Бұл жақта біздің Сайран сияқты емес, автобекетті кешкі 19.00-де жауып тастайды. Автобусыңды далада күтесің. Әбден тондық. Тамыз айы болса да, құдді бір қараша сияқты Европа суық.

4. Таңмен таласып Краковқа жеттік. Әбден шаршадық, дала тоңғамыз бар, 7 сағат автобуспен жүріп келдік. Біз бұл қалада қалмаймыз деп шешіп, бірден теміржол бекетіне барып, Прағаға дейін түнге билет алып алдық. Тағы да тікелей билет жоқ, транзит алдық. Сөйттік те чемодандарымызды уақытша сақтау камерасына тастап Европаның мәдени астанасы Краков қаласын аралауға шықтық. Қала өте әдемі, жинақы, туристер көп, соған сай қызмет көрсетудің түрлері де көп. Негізі Европаның әр қаласында ескі қала ауданы бар. Көбіне туритер сол жерге барады. Бізде сонда болдық. Одан кейін Польша королдерінің сарайында болдық. Алайда сурет, былайда сурет, кешке дейін қатты шаршадық. Жаяу қаланы аралап шықтық ау. Ақыры шаршап, демадатын жеріміз жоқ, теміржол бекетіне барып, бем алып, сол жерде ұялы телефондарымызды зарядтадық. Сөйтіп түнде Прагаға қарай жолға шықтық.

5. Түнімен бір ауысым жасап, Прагаға жеттік. Екі күн болды, төсекке арқамыздың тимегеніне келе сала, қыздар бұл болмайды. Дем алайық деп, студент болғандықтан жаңдайымызға қарап, бір хостелге бардық. Жақсы болғаны бәрімізге бір бөлме табыла кетті. Бағасы біздің теңгемен алғанда адам басына 3000 теңге бір күнге. Біз бір күнге алдық, алда Париж. Көп іркілмеуге шештік. Себебі визамыздың да уақыты шектеулі. Ой мұнда келіп, ертен кешке дейін уақыт бар ғой, асықпай дем алып ұйықтап шығайық деп, түске дейін демалып, билет қарауға шықтық. Міне қызық Парижге дейін не ұшаққа, не поездға, не автобусқа билет жоқ. Бұлай болады деп кім ойлаған көңіліміз су сепкендей басылды. Бір турфирмаға барып едік, олар бізге бір апталық саяхат ұсынды. Саяхат 500€ тұрады. Мұның ішіне 7 күндік саяхат бұл күндері Рим, Париж, Милан, Венеция, Люксембургке апарады, тамақ, жатар орын бәрі кіреді. Қандай рахат бірақ орын жоқ, өкінішті. Орын тек келесі аптада болады екен. Сонымен не істейміз? Ары қарап, бері қарап, әйтеуір Берлинге дейін 6 орын бос, автобус бар екен оның өзі сол күні қана. Сөйтіп аяқ астынан сол күні Прагаға қонбай Берлинге кететін болдық. Ал Берлиннен Парижге шығамыз дедік. Басқа амал жоқ(((((. Сондықтан негізі ҚР-нан шықпай тұрып, Евротурға шықпас бұрын алдын ала жол сапар кестесін жоспарлап, букинг арқылы орындарға, авто, ТЖ билеттеріне бронь жасап қою керек. Тур агенттіктен шыға сала, Праганың әсем жерлерін аралауға шықтық. Прага, өте керемет! Праганы көру бұл бүкіл европаны көру деп тегін айтылмаған. Бұл жерде барлығы орыс тілін біледі. Сондықтан тілден ешқандай қиындық туындамайды. Демалуға қолайлы, бағасы да қол жетімді. Әлемге әйгілі Карлов көпірі, Карлова вара, Папа карл ойыншықтары. Біз Прагада апталық жәрмеңкеге түстік. Қарық болып жәрмеңкеден толтырып сый-кәделер алдық. Біздің еркімізде болса бұл қалада тағы 2-3 күн қалар едік. Европаға барып, саяхат жасаймын деушілерге Прагаға баруға кеңес беремін, өңінбейсіз. Сұлулығы шексіз. Ал біз, ал біз қыздармен бөлініп-бөлініп кеткенбіз. Біреулеріміз киім қарауға, біреулеріміз қала аралауға, біреулеріміз тағысын тағы жұмыстарымен. Түнгі 11-де Берлинге автобусымыз бар, кем дегенде сағат 20-де номерде жиналуымыз керек. Жолға дайындалып, кешкі ас ішу керек. Ал біз, біз болсақ, әр қайсымыз әр жақта адасып кеттік, тоқтаған хостелімізді таба алмай жүрміз... Не керек, әйтеуір дегенде анадан сұрап, мынандан сұрап сағат 21-лерде жеттік-ау тауып. Сөйтсек адасқан біз ғана емес, екен, бәрі адасыпты. Бірімізден соң біріміз келіп, жатырмыз. Асығыс жиналып, тағы да жолға шықтық. Берлинге.... Ия, немістің тәртібі автобекетте басталды ғой. Барлық жолаушыларды бір-бірден аты-жөнімен шақырып, билетін қарап, түрін қарап, жүгіне штамп салып, асықпай кіргізді де, тура уақытында жүріп кетті. Ой тағыда Краковтағы жол сияқты автобустан беліміз ауыратын шығар деп, әрең отырыған автобусымыз камфорт болып шықты. Керемет, ішіндегі орындықтары орындық емес, кресло ғой, жайлы болғанда жайлы, ішінде тегін WI-FI, зарядка, тегін чай мен кофе барып құйып алып ішіп жүре бересің 8 сағат жолды байқамайда қалды. Таңмен Берлинге жеттік. Берлин тамыздың суығымен және адам шошырлық қымбат бағасымен қарсы алды. Дәртхананың өзі мұнда 2€.  Біздің мақсатымыз Берлинді аралау емес, тездетіп Парижге жету еді, сондықтан бірден тағы билет іздеуге шықтық. Тағы  да автобекетте билет жоқ, ТЖ билет жоқ. Күні бойы Берлинді шарлап Парижге билет қарадық. Қыздармен бөлініп кеттік. Біреуіміз тур агенттіктерден, біреуіміз жеке тасымалдаушылардан қарадық. Ақыры дегенде әуежайдан соңғы 6 билет бұйырды. Ал Берлиндегі күніміз жүгіріс, Берлин метросында өтті. Бірақ бір күннің ішінде қаланы осыншалықты аралап шығуға болады деп ойлмаппын. Бір күннің ішінде Берлиннің тұтастай ішкі өмірін көріп шықтық, біз мұнда турист сияқты емес, тура жергілікті тұрғын сияқты болдық қой. Білмеймін бір күннің ішінде қуыс қуысын, барлық автобекеттері мен тур агенттіктерін аралап шықтық. Берлин өзінің тазалығымен, тиянақтылығы, пунктуалдығымен тамсандарды. Естиміз ғой, олар керемет пунктуалды деп, бірақ көрмегенше сенбейді екенсің. Метрода поездің келетін уақыты секундпен көрсетіп тұрады, секундомер 00 болғанда поезд келіп тоқтап, есіктері ашылады. Қыздар ватсапқа жазды тездетіп, әуежайда жиналамыз, бір сағаттан кейін тіркеу басталады, біз бронь жасап қойдық деп, бәріміз әуежайға қарай қаланың әр шетінен жүгірдік... (жалғасы бар)