Корея дәл кинодағыдай екен

       Алтынгүл Дүйсенова- Атырау өңірінің тумасы. Қазір Кореяда тіл үйреніп жүр. Мектеп бітірген соң Еуразия Ұлттық университетінде оқыған. Бір жыл туған жерінде жұмыс істеген соң өзін дамыту үшін шетелге білім қуып кеткен. Алтынгүлмен Корея туралы, болашаққа құрған жоспары туралы сөйлестік. 

      -1996 жылы ақпанда 22 ақпанда Атырауда өмірге келдім. 11-сыныпты бітірген соң Еуразия Ұлттық университетіне грантқа түстім. Оқуымды тәмамдап, 1 жыл Атырау қаласында жұмыс істедім. Қазір тіл үйреніп жатырмын. 

      -Кореяға оқуға бару туралы ой қалай туындады?

-Кішкентай кезімнен Кореяға баруды армандайтынмын. Шетелде қалай қыдырып жүргенімді көз алдыма елестетіп, көп қиялдайтынмын. Қазір сол армандарым орындалып жатыр. Корея еліне кетудегі мақсатым-тіл үйрену. Жат елде жүргенде өз елінңнің қадірін түсінесің деген рас екен. 

       -Қазақстаннан кетерде қимастық болды ма? Алғаш барғанда қандай қиындықтар болды?

-Алып ұшқан жастықтың болар,дәл кететін кезде ештеңе сезбедім. Бірақ табаным Кореяға тиген кезде елімді қатты сағындым. Арада бір апта өткен соң жат елде жүргенімді, жақындарымның алыста қалғанын түсіндім. Шынымды айтсам,алғашында өзім армандаған елге  үйренісу өте қиын болды. Тағамына, халқына, менталитетке жатырқап қарадым. Адам бәріне үйренеді екен. Қазір қатты қиналып жүрген жоқпын. 

         -Кореямен кино арқылы таныстым дедіңіз. Кинодан көрген Корея мен сіз көрген Кореяның айырмашылығы бар ма екен? 

Бәріміз Кореяны дорамалар арқылы танимыз ғой. Мектеп кезінде корей сериалдарын көп көретінмін. Кореяға келгенде сол көрген дормаларым шынайы бейнеге айналғандай. Экранда шынайы бейнеге айналғандай. Экранда қалай көрсетілді, дәл солай. Ешқандай айырмашылығы жоқ. Фильмдері мен сериалдары шынайы түсіріледі екен. 

        -Корейлердің шетел азаматтарына деген көзқарасы қандай екен?

Олар басқа елдің азаматтарын ерекше ұрметтейді екен. Түсінбей, білмей тұрған нәрселеріңді баппен түсіндіреді. Корей халқы өте еңбекқор, сыпайы,кішіпейіл. Корея мұсылман мемлекеті болмаса да, мұнда мұсылман адамға барлық жағдай жасалған. Мешіт, халал дүкендер, тамақтанатын орындар- бәрі бар. Орамалмен емін-еркін жүре аласыз. Барлығы бір-бірін құрметтейді. Тіпті метро, автобусқа мінерде, күту залында жинақы, кезектерін күтіп, асықпай, ұлкен кісілерге сыпайылық танытады. 

      -Кореядан басқа қай елдерге саяхат жасадыңыз?

Ресейдің Уфа,Улан-Удэ, Алтай жерінде болдым. Бұл аймақтың табиғаты қатты ұнады. Табиғат зонасы тайга болғандықтан, ауасы таза, ұйқың тез қанады,сергек жүресің. Сосын Шыңғыс ханның отаны Моңғолияда болдым. Моңғолияның халқы тек киіз үйде тұрады деп ойлаушы едім. Сөйтсем, Улан-Баторда биік ғимараттар, зәулім үйлері көп екен. 

      -Корея асханасы туралы қандай пікірдесіз?

Көбіне көкеністермен жасалатын етсіз тағам ішеді. Тапсырыс бергенде ненің еті екенін сұрап, анықтап,байқап жүру керек. 

      -Отанға оралу ойыңызда бар ма?

Әрине, "өзге елде сұлтан болғанша, өз елінде сұлтан бол" дейді ғой. Қазақстанды сағындым. Өз еліңе жетері жоқ екен. Бұйырса, оқуымды аяқтаған соң Қазақстанға қайтып барып,жұмыс істегім келеді.

Сұқбаттасқан: Зарина ИГЕНОВА

11-сынып оқушысы

Қарағанды облысы 

Жаңаарқа ауданы

Қызылжар ауылы 



Бөлісу: