Қазақстан нарығындағы бәсекелестік

Қазақстан нарығындағы бәсекелестік
жеке
блог

«Бәсекелестік»- ұғымы қай салада болсын қолданылып келе жатқан нәрсе. Бәсекелестік бар жерде даму бар, өсу бар. Ел экономикасының жанданып, көркеюі үшін,өзге елдермен терезесі тең, керегесі биік болуы үшін аса қажет...

Қазақстан экономикасы тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде жан-жақты дамып келеді, ішкі нарық сұранысы да аталмыш жылдарда бірге жетілуде. Мемлекетімізде ең сұранысқа ие нәрселері күнделікті тұтынуды қажет ететін азық-түлікпен киім-кешектер екен. Бұл түсінікті нәрсе. Халық арасында жүріп, оларға ең тиімді жағдай қайсы? деп сұраса, 99,9 % әлеуметтік қажеттіліктер өтелсе болғаны деп жауап береді екен, яғни ол дегеніміз ішкі нарық әлі де болса тұрақтануды қажет етеді деген сөз. Отандық статистика мәліметінше, Қазақстан нарығындағы бәсекелестік 70-80% құраса, әлемдік деңгейде 20% аспайды екен. Оған себеп: біз өзге елдерден 90% тауар аламыз, ал сыртқа 20-30% өнім экспорттайды екенбіз. Осы арайда неліктен ішкі бәсекелстік көп пайызды көрсетіп тұр деген,-сұрақ туындайды. Себебі: көптеген отанымыз өндірмейтін өнімдер мен шикізат көздерін шет елден әкелгендіктен туындайды. Адамдар қаншама еңбекпен әкелген заттарынан пайда көру үшін, бәсекелестік туындайды. Ал, отандық өнімдермен айналысатындарға аталмыш заттар қол жетімді болған соң, аса қиыншылық туғызбайды. Қазақстан нарығына бір ғана зат немесе өнімдер мен шикізат кірмейді, оған барлық жалпы ел аумағындағы нәрселер жатады. Бәсекелестікте де дәл солай, тек сауда мен бизнесте емес, кез келген дамушы ортада жүретін ұғым. Мысал келтіріп кетер болсам; қожалық, баспа, сауда, бизнес, денсаулық, әдебиет, мәдениет, спорт, шаруашылық т.б. нарықта бәсекелестік жүреді. Нарық бәсекелінісіз мемлекет болмайды, ондай болған жағдайда халық дамымайды, мемлекет ел болуын тоқтады. Қазақстан нарығындағы бәсекелестік де жыл өте әр түрлі көрсеткіштерге ие болуда, бұдан көрінетін ақиқат ел экономикасы мен халық әлауқаты даму үстінде деген сөз. Бәсекелестік бар жерде жандану мен жаһандану қатар жүретінін ескерсек, отанымыз ішкі және сыртқы нарықты кеңейту мақсатында үздіксіз қызмет атқаруы тиіс. Соңғы жаңалықтарға сүйенсек, елімізде инфляция 18,8 % құрап отыр. 2024 жылға қарай көрсеткіш 2 есеге ұлғаюы мүмкін дейді.Яғни, бәсекелестіктің артуы сонда байқалмақ.