Қапшағайда қалай дем алуға болады?
блог
Қапшағай дегенде көзалдыңызға ең бірінші не келеді?
Ол қаланы осы уақытқа дейін көрсеңіз де, көрмесеңіз де бірден су елестейтіні жасырын емес қой :) Бірақ мұнда көптеген кәсіпорындар бар. Солай бола тұра бүгін мен де блогымды тек Қапшағайдың суына ғана арнасам деп отырмын.
Қапшағайды көптеген адамдар өзен немесе көл деп ойлайды. Ал ол тіптен бөлек екенін көпшілік біле бермейді.
Қапшағай бөгені Жетісудың жеті өзенінің бірі Ілемен тығыз байланысты. Кеңес үкіметі кезінде электр алу мақсатында 1970 жылы салынған. Яғни, түсінікті тілменайтар болсақ, Іле өзенін бөгеп, қазіргі жер су қоймасы болып қалған. Қарапайым тілде жасанды көл.
Қазіргі кездегі ауданы 1847 км², ұзындығы 187 км, енді жері 23 км, орташа тереңдігі 15 м, ең терең жері 46 м. Қойманың солтүстік жағасы құмды-малтатасты, едәуір бөлігі биік және тік жарлы, оңтүстік жағасы аласа, жайпақ, құмды, саздақты келеді.
Мұнда балықтың 26 түрі (ақмарқа, мөңке, тұқы, табан балық, т.б.) кездеседі. Су қоймасынан жылына 2 мың тоннадай балық ауланады. Қапшағайдың өзіне барсаңыз, азық-түлік дүкендерінде тәбетіңді ашатындай болып балық өнімдері самсап тұрады. Әдетте ол қалаға барғанда міндетті түрде қақталған балық алып аламын.
Осы аптада Қапшағай қаласы әкімдігінің шақыруымен БАҚ саласының өкілдері Пресс-турға барған болатынбыз. Сол кезде қала әкімі Талғат Қанатұлы Қайнарбеков бізбен кездесіп, бұл жақтың қалай дамып жатқанын баяндап өткен болатын.
Онда ауыл шаруашылығы, өндіріс орындары, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, зауыттар, туризм қалай дамып жатқаны жайлы көптеген мағлұматтар айтып өтті. Бүгінгі біздің тақырыбымыз тек су қоймасына қатысты болғандықтан, қалған салаға көп көңіл бөлмей-ақ қоялық.
Бірақ ол кісінің қазіргі күні қолға алып жатқан ісінің бірі - қалалық жағажайды ретке келтіру екен.
19 гектарға созылып жатқан жағажайда тротуармен белсебет жолы салынып жатыр. Мұны бітірген соң гүл өсіру қолға алынбақ.
Ал соңында 200 көлікке арналған үсті жабылған автотұрақ салынатын болады. Мұның өзі келушілердің көліктеріне алаңдамай, еркін дем алуларына кепілдік беретін қадам. Бәрі аяқталғанда су жағалауына құм әкелініп, суға түсетін халық үшін таптырмас орын жасалынады.
Қала Алматының жанында болған соң ол жақтан суға келіп демалушылар өте көп екені белгілі ғой. Сондықтан бұл жақта өте қымбат демалыс аймақтарынан бастап, өте арзан бағаға демалыс орнын табуға болады.
Бұл суреттер 7 жұлдызды демалыс аймағы Ривьерадан түсірілген. "Неге 7 жұлдыз?" деген сұрақ қоятын болсаңыз, мұнда тікұшақ қонатын алаң бар. Сол үшін.
Бұл сол жақта демалып жүрген қыз.
Ал бұлар біздің әріптестер
Аталған аймақта осындай үйшіктер жалға беріледі. Төмендегі үйге 10 адам сияды. Күніне бағасы 95 мың теңге. Осы бағаға үйден бөлек футбол, теннис алаңдары, бассейндер мен тағы басқалар кіреді.
Демалыс күн болғаны үшін артымдағы үйлердің бәрі бүгін бос емес екен.
Ал тамақтану мен мынандай яхталар алу ақылы. Бағасын сұрамаппын
Бұл арыстанды жай көрнекілік үшін сала салдым ))))
Осы сапардағы мен үшін ең құнды ақпарат - былтыр Қапшағайда 325 000 адам дем алып, 345 000 000 теңге қалдырып кетіпі. Орта есеппен сонда бір адам миллион теңгеге дем алған ба? Солай деп кесіп айта салуға болар еді. Тек Сіздер басқаша түсініп қалмас үшін, бір адам он мың теңгеге, ал біреулер жүз мың, ең байлары он бес миллионға дем алған болуы керек.
Біз бұдан ары Қапшағай қаласының туризм жəне спорт бөлімінің басшысы Наталья Носованың бастамасымен теплоход арқылы су қоймасын аралауға кеттік.
"Алматы" атты теплоходпен біз толқындармен жарысып, ашық өзенге шықтық. Әр нәрсенің өз ләззаты болатынын ескерсек, теплоходпен жүру адамды сергітіп, ой-өрісіңді кеңейтіп жіереді екен.
Мұндай қызмет түрінің бағалары әр түрлі. Шамамен сағатына 40-50-60 мың теңгенің айналасында.
Әріптестер
Және мен )))
Осылайша Қапшағай қаласының шақыруымен барған пресс-турымыз өте жемісті болып, әкімдік қызметкерлерімен бауырласып кеттік. Олардың күнделікті істеп жатқанының көбі ел назарынан тыс. Тек айналамыздан минус көргенде ғана "әкімдік қайда қарап отыр?" деп байалам саламыз. Ал қалыпты жағдайда олар мүлде есімізден шығып кетеді. Неге? Ол жағы әркімнің өзіндік ішкі ойына байланысты шығар.
Дегенмен, су деген адам жанының емшісі екенін ескерсек, жағажайға барып демалып қайтыңыз. Айтпақшы, биыл Алматы-Қапшағай тас жолының салынып бітуіне байланысты 345 миллионнан да көп табыс табамыз деп болжануда. Сіз де барып, сол соманы көбейтіп қайтуға ат салысыңыз )))))