Каньо-Кристалес:бес түсті өзен

Каньо-Кристалес:бес түсті өзен
жеке
блог

Колумбиялық Каньо-Кристалес әлемдегі «ең әдемі өзен» деп аталады.Испан тілінен аударғанда «кристалл өзен» деген мағына беретін бұл өзенді халық арасында «бес түсті өзен» немесе «сұйық кемпірқосақ» деп те атайды.

 Өзеннің бұл бес түсі қыркүйек пен қараша айлары аралығында ғана анық байқалады.Өзеннің көгілдір түсімен қоса, су түбіндегі жасыл балдырлар әсерінен қара және сары реңдерге,macarenia clavigera балдыры әсерінен қызыл түске ие болады.Ал қалған уақытта балдырлардың түсі анық көрінбегендіктен,өзен өзінің  бастапқы қалпында болады,яғни Колумбияның басқа өзендерінен ерекшеленбейді.

Өзен ұзындығы - 100 км.Ал өзеннің сағасы Колумбияның орталық бөлігіндегі Макарена таулы аймағындағы Мета департаментінің аумағында орналасқан. Каньо-Кристалес ағып өтетін саябақта құстардың 420, қосмекенділердің 10, бауырменжорғалаушылардың  43  және приматтардың 8 түрі мекендейді.