Жазғы демалысым. ЕХРО-2017
блог
"Ура! Жазғы демалыс келді"- деп маусым айында қуанып едік. Міне тамылжыған тамыз айыда келді. Бірі жазғы демалысын ауылда өткізсе, бірі ел аралап, жер көрді. Әркім жазғы демалысын ойдағыдай өткізуге тырысты. Ал мен ше? Менің жазғы демалысым өз ойымдағыдай болды. Отбасымызбен Астана қаласына қыдырып бардық. Өте керемет қала. Айтарға сөз жоқ. Ал әрі қарай суреттер сыр шертсін!
Осындай керемет көңіл-күймен Астана көшелерін аралауды бастадық!
Әне-міне дегенше Бәйтеректе көрінді.
Әне-міне деп қоям ғой, Бәйтерекке жеткенше біраз жол жүріп тастаппыз. Өкініштісі кіруге кезек көп болды.
Ал мынау мен. Бәйтеректі тәж қылып алдым. Қалай жараса ма екен?!
Келесі күні ЕХРО-2017 араладық. Нұр-Әлем сферасын көріп Қазақстанның осындай дәрежеге жеткеніне қуанып қалдым. Сфераның іші өте керемет. Жанындағы павильондарда қалысар емес.
Сфера ішінде орналасқан болашақ айға ұшатын машина. Бастысы зиянсыз.
Ал мынау сурет сайттағы бүкіл К-рор-ер қыздарға арналады)))
Негізінде ЕХРО-2017 аралауға 1 күн жетпейді. Ал мынау менің тәтті жиендерім. Әрі-қарай аралау үшін әл-қуат жинау үстінде.
Сфераның 6 қабаты Күн энергиясына арналған. Ал мынау күннің астыңғы бөлігі төменгі қабатта орналасқан.
Бәйтерекке де келдік. Ішіне кіру үшін ұзақ кезекке де тұрдық. Ішін аралап, Қолымды қойып, тілекте тіледім!
Ерке Есілді де араладық!
Есіл өзеніне көлеңкесі түскен биік ғимараттың өзен үстіндегі бұлыңғыр бейнесі де керемет!
Ал мынаған мінсем-бе екен?
Міндім! Биікке көтерілдім. Биіктен Астананың көрінісі керемет!
Әдемі көрініс иә?!
Демалыстың соңғы күндерін Хан-шатыр мен түңгі қаланы аралауға бөлдік.
Осылай керемет демалыс күніміз ойдағыдай аяқталып. Астанамен қимай қоштасып ауылға қайттық!