Испания - туристер арасындағы аса танымал әрі өте көп сұранысқа ие елдердің бірі. Әлем халықтарының жүрегін оп-оңай жаулап алып жүрген елдің ерекшелігі неде? Испанияда сіз естіп-білмеген талай қызықтар бар, елдегі ежелгі дәстүрлер мен көрікті мекендердің өзі бір бөлек әңгіме.
Испандықтар ұзақ өмір сүреді: мұндағы орташа өмір сүру жасы - 79. Ал әйелдер арасындағы орташа жас - 87. Бұл Еуропа елдеріндегі ең үлкен көрсеткіш. Әрбір испандықтың екі фамилиясы бар: әкесінің және шешесінің.
Испанияда кешкі ас үшін қалыпты уақыт кешкі сағат 9 бен 10-ның арасы болса, олар сағат таңғы бесте оянады. Бұл уақытта қаладағы барлық кафелер ашық болады, испандықтардың көпшілігі таңертең міндетті түрде кофе ішеді. Мектеп оқушылары, мектеп жасына дейінгі оқушылар түнгі сағат 2-ге дейін қыдырып жүре алады, себебі, күндіз күн қатты ыстық болғандықтан серуендеу мүмкін емес. Түнгі тіршілік өте қызу жүріп жатады: жастар футбол ойнайды, саябақта серуендейді, иттерін серуендетеді және т.б. Испаниядағы күннің ұзақтығы туристерге өте қолайлы. Олар бір күннің ішінде өздері ойлағаннан да көп нәрсені көріп, біліп үлегере алады.
Испандықтар өте эмоционалды келеді, сондықтан олар сөйлесу кезінде бір-біріне өте жақын тұрады және қолдарын ұстасады. Испандықтардың мұндай әрекетіне таңырқап жүрмеңіз.
Испандықтардың ең қызықты дәстүрі - таңғы асты үйден ішпеу. Және де дастархандарында соғыс, коррида, Франнсиско Франко диктатордың билік еткен кезеңін айтуға тиым салынған. Жалпы, мейрамханалар мен барлардығ кофеханалардың саны жөнінен Еуропа бойынша бірінші орында тұр. Мұндай мекемелердің саны - 350 мың.
Халық дәмді тағамдарды тоя жегенді қатты ұнатады және тағамды өте сапалы дайындайды. Егер аспазға сый көрсетіп, рақмет айтқыңыз келсе, қосымша тамақ сұраңыз. Испандық асхананың күллі әлемге танымал өкілдері - гаспаччо суық сорпасы, палауға ұқсас келетін паэлья тағамы, тортилья омлеті, тапас тіске басары дер едік. Және этохамон тағамы да үлкен құрметке ие.
Еуропаға қызанақ, картоп, авокадо, табак, какаоны алып келген де осы испандықтар саналады. Банан өсірілетін Еуропадағы жалғыз мемлекеттің Испания екендігі тағы бар.
Испандықтар өте көңілді әрі жылы шырайлы халық. Егер сіз адасып қалсаңыз кез келген испандық қолының бос еместігіне қарамастан міндетті түрде көмектесе алады.