Мектепте көпшілігіміздің сүйіп айналысатын спорт түрі болған десем қателесе қоймаспын. Жеке басым, мен футболмен белсенді түрде шұғылданып, мектепте минут санап күнделікті жаттығуларыма баруға асығып отыратынмын. Алайда, уақыт өте келе болашағына сенімді түрде аяқ басқысы келетін әрбір азамат секілді, менің алдымда да Жоғарғы оқу орнына түсу мәселесі шығып, мен өз хоббиымды қосымша дайындықтың құрбаны қылып жібердім. Қазақстанда жоғарғы оқу орны мен кәсіпқой спорт екі түрлі қиылыспайтын кеңістіктер екені мәлім. Алайда бұл барлық мемлекеттер үшін аксиома болып табылмайды. АҚШ,Жапония және Канада сияқты дамыған мемлекеттерде Университеттік спорт студенттер арасындағы белсенділікті арттырып, бірлікті нығайтудың жолы ғана емес. Бұл елдерде университеттік спорт кәсіпқой спорттың негізі болып тұрған әлемдік дәрежедегі атлеттерге жоғары білім беретін жоғары нәтижелі механизм. Бұл мақалада осы университеттік жүйенің фундаменті болып оның дамуына арқау болған негізгі аспекттер оқырман назарына ұсынбақпын. Үлгі ретінде АҚШтың университеттік спорт жүйесі алынды.
1.Спорттық жетістіктер негізінде оқу гранттарын үлестіру
АҚШ-тағы атлеттердің спорттағы жолы мектеп қабырғасынан басталады. Өз мектептерінің намысын қоррғап жүрген талантты оқушыларды университтетердің скауттары жастайынан бақылап жүреді. Ең үздіктері Университет қатарына тегін оқуға мүмкіндік беретін стипендия негізінде қабылданады. Спорттық стипендиялар Американдық Футбол,Бейсбол,Хоккей,Баскетбол,Футбол және тағы басқа спорт түрлерінде өнер көрсететін түлектерге беріледі. АҚШ та жылына 175 000 спорттық стипендия тағайындалады. Бұл стипендиялар Гарвард,Стенфорд және Калифорния Университеті секілді атақты университеттерге қабылдануға мүмкіндік береді. Жоғарғы Оқу Орындарында мемлекеттік тегін оқыту жүйесі қабылданбаған Америкадағы студенттер үшін спорт негізінде стипендия жеңіп алу – өте үлкен мүмкіндік
2. Спорт – бірлік негізі
Университте оқыған кез-келген адам академия қабырғаларында өткізген жастық шағын ерекше жылумен еске алады. Оған қоса, Университеттінің командасына жанкүйер болу – халықтың бірігуіне себеп болып, ересек өмірлерінде еске алатын қызығушылыққа айналады. Университетті бітіріп кеткен адамдарды ойын кезінде трибунадан көру – американдықтар үшін үйреншікті көрініс. Байқампаз көрермен Texas Longhorns америкалық футбол командасының ойынында Мэтью МакКонахиды немесе USC Troyans тың ойнында Уил Ферелды әбден байқауы мүмкін
3.Университет спортшылары – елдің мақтанышы
Алдында айтылып кеткендей Университеттер өз қатарына үздік спортшыларды қосуда ерен еңбек атқарады. Бұның барлығының өте маңызды себебі бар: Университет арасындағы жарыстар үлкен масштабты зор маңызы бар жергілікті мейрам. Дәлел ретінде, ең үздік Университеттік Америкалық Футбол командалардың арасындағы ойындар оп оңай 100 000 адамдық стадиондарды толтырып тастайды. Мысалы, 2016 жылы Университет деңгейінде өткен 24 ойында 100 000 нан астам адам көрермен болды. Ең үздік 10 университеттің орташа көрсеткіші бір ойынға 64,000 көрермен деңгейінде орналасты. Осылайша, Университет арасындағы жарыстар спортшылар үшін ғана маңызды оқиғадан көпшіліктің көңілінен шыға білетін үлкен дәрежелі жиынға ұласады. Мұндай көпшіліктің алдында өнер көрсететін спортшылардың да өнері ерекше ықыласпен шыңдалатыны айғақ.
4. Драфт
Университет қабырғасында жүрген кез-келген студенттің мақсаты: болашақ жұмысының қамын жасау. Бұл кезекте де спортқа көңіл бөлген студенттердің дарынын шыңдап, сол еңбектің жемісін көруге барлық жағдайлар жасалған. Әрбір спортшы студенттің соңғы университеттік кезеңі – Драфтқа шығу. Драфт – Университет деңгейінде өнер көрсеткен ең үздік студенттердің кәсіпқой командалар қатарына қосылуын реттейтін іс шара. Университеттік спорт – жаңа спорттық маусым алдында өз қатарына жаңа ойншыларды қосқысы келетін кәсіпқой командалар үшін жалғыз қор. Осы күннің нәтижесінде өз қатарының үздік атлеттері студенттерден жоғары жалақы алатын кәсіпқой спортшыларға айналады. Драфтқа шығып кәсіпқой команда тарапынан таңдалған спортшының орташа жалақысы жылына 4 миллион долларға дейін бара алады.
Осылайша Американдық студенттер университет қабырғасында өздерінің спорттық армандарының орындалуына мүмкіндік алады. «Университет – сәтті әрі жемісті кәсіби мансаптың негізі» деген ұранды спортқа да қолдана алған академиялық жүйенің ең басты нәтижелері осындай.
Мақала ұнады ма? Пікірлеріңізді тыңдап,сұрақтарыңызға жауап беруге қуаныштымын.