"Әр елдің салты басқа" демекші, әрбір ұлттың не болмаса мемлекеттің өздеріне тән өмір сүру мәдениеті болады. Қазіргі күні біз мұны "менталитет" деп атаймыз. Кейбіреулерге таңсық, кейбіреулерге қызықты болар көптеген өмір сүру салты өте көп. Әсіресе, бүгінгі күні өзінің жаңа технологиядағы прогресімен, соңғы үлгідегі смартфондарымен, к поп музыка және дорамаларымен әйгілі "таңғы шық" елінде жиі ұшырасады екен.
Бүгінгі менің әңгіме өрбіткелі отырған тақырыбым: Кореядағы "Дәретханалар мұражай саябағы" жайлы болмақ. Иә, иә, сіздер қателескен жоқсыздар! "Дәретханалар мұражай саябағы" шынында да бар және бұл ғана емес!
Корея Республикасында болғандардың айтуына қарағанда, мұнда қоғамдық дәретханалар жиі орналасқан, тегін және тазалық жағынан жоғары деңгейде. Осы себептен шет елге шыққан кәрістер бұл орынның ақылы екенін естігенде таңырқайды екен.
Мұражай саябақ кәріс тілінде "해우재" (хэучжэ) деп аталады.
Кәріс халқының дәрет сындыру тарихына ерекше мән берген Сувон қаласының экс әкімі Шим Джэ Дук мырзаның бастамасымен 2010 жылы ашылған болатын.
Сенесіздер ме, сенбейсіздер ме?! Шим Джэ Дук мырзаның ойымен, қолдауымен "Әлемдік Дәретханалар Ассоцацаиясы" құрылды. Және оның басты ғимараты унитаз пішіндес.
Бұл ұйым әлемнің кедей мемлекеттерінде жаңа, ыңғайлы дәретханалар салуға көмектесіп, түрлі экспедициялар өткізіп тұрады.
Мұнда бастауыш сынып оқушылары экскурсияға жиі келеді екен.
Жалпы, саябақтың басым бөлігін түрлі мүсіндер мен дәрет алу тарихына байланысты заттар құрайды.
Егер де жолыңыз түсіп, Оңтүстік Кореяға барып қалсаңыз мұражай саябақ мекенжайы: Кёнгидо провинциясы, Сувон қаласы, Чанан-гу ауданы, Чанан-но көшесі, 458-киль, 9 (р-н Имок-дон).
경기도 수원시 장안구 장안로458번길 9 (이목동).
Біздің менталитетке жат осы орын арқылы кішігірім Сувон қаласынына жыл сайын мыңдаған турист келеді екен. Бәрін де жетелеп келген - қызығушылық. Қаншама күлкілі болсын, сынға ұшырасын бәрібір де туризмді дамытып отыр. Еліне табыс әкеліп.
Сіздің ойыңыз қалай, оқырман? Бәлкім, біздің елімізге де осындай ерекшелік керек шығар?
to be continued...