Корей тарихи сериалдарын тамашалаған кезде көздің жауын алатын хан сарайларын қызыға қарамау мүмкін емес.Қазіргі таңда кино түсіру барысында батыс елдері қолданатын компьютерлік графика жайлы бәріне аян болса керек, дегенмен Кореяда осыдан он шақты ғасыр бұрын салынған хан сарайлары әлі күнге дейін жақсы сақталғандықтан көптеген тарихи сериалдарды сол сарайларда түсіреді екен.Бүгін Сеулде орналасқан Чхандоккун сарайы жайлы айтатын боламыз. Чхандоккун сарайы Кореядағы «Үлкен бес сарайдың» бірі болып табылады. Бұл ең танымал және ең жақсы сақталған сарайлардың бірі. Бұл сарайды Чосон әулеті 1405 жылы құрған.Чхандоккун сарайы XIX ғасырдың соңына дейін корольдік резиденция болып қала берді. Пукхансан тауының етегінде орналасқан бұл сарай қоршаған ортамен үйлесімді түрде салынған. Басқа сарайлармен салыстырғандағы үлкен айырмашылығы сарайды құру барысында қатаң ережелер мен этикалық дизайн талаптарды ұстанған. Сарай кешені қоршаған таулар мен төбелермен үйлесімді түрде жобаланған. Чхандоккун сарайында Хувон бағы бар. Бұл бақ корейлердің дәстүрлі стилінде салынған және табиғаттың элементтерімен үйлесімді орналасқан.Хувон бағы сарайдың солтүстік бөлігінде орналасқан, әдетте бұл бақ патша мен оның отбасы үшін демалыс орны болған, сонымен қатар мереке кезінде бұл бақта банкеттер өткізіліп отырған. Хувон бағының жалпы ауданы 434 877 шаршы метрді құрайды. Бұл дегеніміз Чхандоккун сарай кешенінің жалпы аумағының 60 пайызын құрайды.Чхандоккун сарайы 1997 жылы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілді.Қазіргі таңда сарайды тамашалау туристер мен жергілікті тұрғындар үшін қол жетімді болды. Бұл Кореяға саяхаттап барғандағы міндетті түрде көруді қажет ететін орындардың бірі.