Бразилия туындағы жұлдыздар нені білдіреді?

Қазіргі қолданыстағы Бразилия байрағы 1992 жылы 12 мамырда бекітілді.Ал 21 жұлдыздан тұратын Бразилия туының алғашқы нұсқасы 1889 жылы 19 қарашада мақұлданды.Мұндағы жұлдыздар саны 1960 жылы 22-ге, 1968 жылы 23-ке, ал 1992 жылы 27-ге дейін ұлғайтылды.

Ақ жолақ пен жұлдыздар орналасуы Рио-де-Жанейро аспанындағы азимутқа сай келе отырып,1889 жылы 15 қарашада таңғы сағат 8:30-да республика болып жарияланған күнін бейнелейді. 26 ​​жұлдыздың әрқайсысы федерацияның бір штатын,ал 27-жұлдыз  федералды округті  білдіреді.

«ORDEM E PROGRESSO» («тәртіп және прогресс») жазуы - француз философы Огюст Конттың саяси леммасының қысқартылған түрі: «Сүйіспеншілік - принцип, тәртіп - негіз, алға жылжу - мақсат»(L’amour pour principe et l’ordre pour base; le progrès pour but). Бұл фраза 19 ғасырдың аяғында Бразилияның қоғамдық және саяси саласында өте танымал болған позитивизм(нағыз ақиқат ғылымның жеке салаларында ғана пайда болып қалыптасатын философиялық зерттеулердің ешқандай танымдық құны жоқ деген тезиске сүйенетін философиялық бағыт) теориясының синтезі болып табылды.

Жұлдыздар тоғыз шоқжұлдыздарға топтастырылған:Кіші ит(№1),Үлкен ит(№2),Киль (№3), Бикеш (№4), Гидра (№5), Оңтүстік Крест( 6),Октант (№7),Оңтүстік үшбұрыш(№8) және Сарышаян (№9).

Жасыл түс Амазонканың орман қорын,көк түс аспан бейнесін және сары түс алтынға бай болғанын сипаттайды (XVI-XIX ғасырларда әлемдегі ең ірі алтын өндіретін шахталар Бразилияда орналасты).

 

 



Бөлісу: