Баобаб аллеясы

 Баобаб аллеясы Мадагаскар аралының Менабе аймағындағы Мурундава және Белони Тирибихина қалалары арасындағы топырақты жол бойында өсетін әйгілі баобаб ағаштарының тобынан құрылған.Оның әдемі көрінісі үшін жан-жақтан келетін туристер көбейгендіктен бұл аймақты 2007 жылдың шілдесінен бастап қоршаған орта, су және орман ресурстары министрлігі «мемлекет қорғауына» алған.Аллея бойында биіктігі шамамен отыз метрге жететін аралға ғана тән Адансония Грандидье (Adansonia grandidieri) баобабының  онға жуық түрі өседі. Адансония Грандидье баобабының ерекшелігі: құрғақшылық кезінде жылдың он айы  бойы бойында ылғал(су) ұстайды, ал диаметрі сегіз-он  метрді құрайтын баобабтар сыйымдылығы 120 мың литрге дейін су сыйдыра алады.

 Баобабтар кеш құрым  және түн мезгілінде гүлдейді, ал таң сәріде гүлшоғырлары түсіп қалады.Дәмі зімбірге ұқсас, құрамындағы С және В витамині бар жемістері жеуге жарамды.

Аллея бойымен өтетін жол аралдың тас қорығы Цинги-де – Бемарахаға апарады.

 

*Баобабтың қолданылуы

1.Ағаш талшықтарынан  мата,  арқан, жіп және балық аулау торларын жасайды.

2.Күйген баобаб күлін әр түрлі ауруларға қарсы дәрі ретінде қолданады (суықтан бастап жәндіктердің шағуына дейін).

3.Гүл тозаңынан желім жасалынады.

4.Баобабтың жас жапырақтарын салат дайындауға, ал құрғақ жапырақтарын дәмдеуіш ретінде қолданады.

5.Қуырылған дән тұқымынан кофе дайындалса шикі тұқымы жеуге жарамды.

6.Кептірілген жеміс тұқымын күйдіру арқылы маса мен басқа жәндіктерден қорғанады.

7.Баобаб жемістерінен дәмі лимонадқа ұқсас сусын жасалынады.

 



Бөлісу: