Арыстағы ағайынға ризамын.
блог
Ақын атын арқалаған соң,ұшарыңды жел,қонарыңды сай біледі екен.Ата аймақтың біраз жерін аралап айтыстың әл ауқатын көтеруге ат салысқанымыз бар.Барған жердің бәрі дерлік қазақылықтың иісін аңқытып құшақ жая қарсы алады.Аламанның ішінен тілеуіңді тілеп отырады.Қоштасарда қол жайып бата берісіп шығарып салады.Құдайы қонақ болғанымызға біз де марқайып қаламыз.Жақында Арыс қаласына сапарлатып барып қайттық.Елінің көрегендігі мен кеңпейілдігіне тәнті болдым жеке басым.Кешегі сал-серілердің жөн-жоралғысымен көрген білгенімді жырмен жеткізуге бел байладым.Оқырмандар ішінде Арыстық ағайын бар болса.Арыстай арқалы елге ұлан болғаныңызды мақтан тұтыңыз...
Байырқұм,Задария,Аппақдала.
Жетеді құланға да,қыранға да.
Арыстың ырысына ие болған,
Дермененің еншісі бір Аллада.
Өтеді,өтер әлі заман қанша,
Монтайтасың тарихта таңбаланса,
Арыстың тайқазаны жұтамас-ау,
Жиделілік аламан аман болса.
Алтауы ағайынның ала болмай,
Дарияның дүрбелеңі тәмәмдалса.
Арысқа жырдан көпір салдырар ем,
Сүйінбайдың бір пірі маған қонса.