Антарктидаға саяхаттағыңыз келе ме?

Антарктидаға саяхаттағыңыз келе ме?
жеке
блог

ушуайя

Ушуайя – Оңтүстік Американың Отты жер аралының ірі қаласы және әлемдегі ең оңтүстікте орналасқан қала.Қаланың өткені әр түрлі оқиғаларға бай: Ушуайя миссионерлік бағыттағы тайынбайтын үндістердің орны,Аргентинаның теңіз қарулы күштерінің мекені және олардың жер аударатын орталығы болды. Ал қазір туристік инфраструктурасы дамыған,әрі көптеген мейрамхана мен қонақ үйлердің орталығына айналды.

Ушуайя – Антарктидаға жеткізетін ең маңызды бекет,сондықтан мұнда полярлық аймаққа қызығушылар көптеп саяхаттайды.

Қысқаша тарихы

Аралдың  алғашқы мекендеушілері  бұдан 10 мың жыл бұрын  Магеллан бұғазы континенттен бөлінбей тұрған уақытта қоныстанған.Қазіргі уақытта туризмнің дамуына орай жергілікті тұрғандар саны 73 мың адамды құрады(2018).

бигл бұғазы

Ушуайяға қалай жетемін?

Аргентина астанасы Буэнос-Айрест  пен  Ушуайя арақашықтығы шамамен 3078 км.Егер ұшақпен ұшар болсаңыз жолға 4 сағат көлемінде уақыт кетеді.

Климат

Көктем, ерте жаз бен күзде - ауа- райы  қоңыр салқын,ашық. Бұл уақыттар ұлттық саябақта серуендеуге,круизбен демалыс жасап,балық аулауға және басқа да саяхат түрлеріне қолайлы.

Шоппинг және дүкен

Сан-Мартен көшесінің жағалай бойы көптеген импорттық дүкендерге толы.Мұнда сіз көптеген сапалы заттарды сатып ала аласыз.

Ушуайяда міндетті түрде жасауыңыз қажет үштік:

1. Антарктикаға жасалынатын қызықты турға міндетті түрде барыңыз.Әлемдегі ең суық деп танылған материкті өз көзіңізбен көріп,аяқ басыңыз.Керемет емес пе?

2. Мұзға өрмелеп шығыңыз және өзіңізді мұздықтарды бағындырушы ретінде сезініңіз.

3. Ең бастысы жүзе алатын,бірақ ұша алмайтын құстарды,пингвиндерді өз көзіңізбен көріңіз.

пингвин

Ушуайяның ойын-сауық және көрікті жерлер

Қаланың негізгі көрікті жерлері: бұрынғы әскери түрме ғимаратында орналасқан Пресидио мұражайы, теңіз мұражайы (сол ғимаратта), Отты Жер аралының флорасы мен фаунасына арналған мұражай, Ямана мұражайы.

Қаланың ерекше әсем көріністерін және Бигл бұғазын тамашалайтын жартас- Мартиал (қыста да кішігірім шаңғы курорттары жұмыс жасайды). Тау шаңғысымен әуестенетіндер өздерін Серро-Кастора жартасында сынап көруге болады.Бигл бұғазын катамаранмен  жағалай жүзу арқылы жақын маңдағы аралдардан пингвиндерді бақылай аласыз.Саяхатыңыздың соңында «Әлем шеті» (Край света) деп аталатын поездпен саяхат жасаңыз.

край света поезд

Демалысыңыз сәтті өтсін!