Әлемнің әр түкпірінде тыйым салынған 9 әдеттен тыс дүниелер

Саяхат жасап жүріп, біз әр елдің заңдарына онша көңіл бөліп, қызыға бермейміз. Ал, ондай ақпараттарды білу  түрлі ыңғайсыз әрі қиын жағдайлардың алдын алуы мүмкін. Оған қоса, бұндай көптеген заңдар бізге соншалықты қарапайым көрінуі мүмкін, тіпті сену де қиын болып жатады.

AdMe.ru сайты әр елдің заңын зерттей жүріп тұрғындар мен туристер жасауға болмайтын  8 түрлі дүниені тапты.

Рождество күні печенье жеуге болмайды

Ұлыбритания

1644 жылы Оливер Кромвель ешқандай адамгершілік қасиеті  жоқ деп есептеп, Рождествоны тойлауға тыйым салған. Ресми түрде көптеген атрибуттарға  осы мереке күні тыйым салынды, оның ішінде тәтті тоқаштар мен мерекелік печенье де бар.

Ең қызығы, әлі күнге дейін Кромвельдің заңын өзгерту туралы ешқандай үкім шықпаған. Сол себепті,  ресми түрде Рождество күні печенье жеген әдеттегі ағылшын  қылмыс жасаған болып есептеледі. 

Китті қолмен ұстауға болмайды

Ұлыбритания

Міне, ағылшынның тағы бір қызық заңы. Киттер, дельфиндер, жалпы Британия жағалауынан 3 миль радиуста жүзіп жүретін теңіз су жануарларының барлығы Ханшайымға тиесілі болғандықтан, ешкім қол тигізе алмайды-мыс. Нууу, сіз тырысып көріңіз )))

 

Суға батып бара жатқан адамды құтқаруға болмайды

Қытай

Шығыс елінің жұмбақ менталитеті Қытай еліндегі қабылданған заңдардан ерекшеленбей қалмады. Соның бірі- батып жатқан адамды құтқармау.

Бұл заң біреудің өміріне араласу адамгершілікке жатпайды деген шығыс философиясымен байланысты. Ощм, кейбір скептиктер ҚХР бұл заң  баяғыда нормадан асып кеткен адам санын азайту үшін қабылданған деп есептейді екен. 

 

Вокзалда сүйісуге болмайды

Франция 


Қазақстанда бұл заң жүрмей қалады-ау, әә ?)))

Бұл заң Францияда және Ұлыбританияда жүзеге асады.  Бір-бірін жақсы көретін жандар темір жол вокзалы платформаларында сүйісуге тыйым салынған.

Ең алғаш осы  заң 1910 жылы Францияда қабылданған. Сол уақыттарда поездар жиі кешігіп тұрған, себебі, ғашықтар бір-бірін қимай ұзақ сүйісіп тұратын болған-мыс. Нәтижесінде басшылық платформаларда сүйісуге тыйым салуды шешкен, бірақ, вокзал ішінде ғашықтар қосыла алатын аранайы орындар жасап қойған. 

 

 

Көгершіндерді тамақтандыруға болмайды

Италия 

Қазір көптеген елдерде қолыңдағы тамағыңды бөліп көгершіндерге беру- қалыпты жағдай, ал, Италияның Венециясында бұл қылығыңыз үшін сізге айыппұл салынуы мүмкін. Бұндай заң  керемет скульптуралар мен архитектуралық ескерткіштерді құстардың шапқынынан құтқару үшін  басшылықпен қабылданған. 

«Киндер» сатуға тыйым салынған

АҚШ

Атақты шоколадты жұмыртқалар алғаш рет шыққалы бері,  Ақш-тың барлық аумағында бұл өнімді сатуға тыйым салынған. Тыйым салуға балаларға қауіпті болуы негіз болған. Үкімет жұмыртқаның ішінде жасырылған кішкентай ойыншықтарды балалар байқамау жеп қоюы мүмкін деп есептеген.

2013жылы Штат тұрғындары «киндерді» дүкен сөрелерінен көре бастады. Басшылық бір ғана детальдан жасалған ірілеу ойыншықтар болсын деген шартпен жұмыртқаларды сатуға рұқсат берген.

Тек ұсақ тиындармен төлем жасауға болмайды

Канада

Біздің дүкендер мен кондукторлар кейде майда теңгелермен қайтарып беріп жатады. Сосын жүргенің тиын санап, қайда жібереріңді білмей. Ал, бұл елде басқаша.

Сіз Канадада жүргенде 10 жыл бойы жинақ қобдишасына  жинаған ұсақ  монеталарыңыздың барлығына зат сатып ала алмайсыз. 1985жыллы шыққан бұл заң, бағасы 10 канадалық доллардан асып кетсе,  тек ұсақ тиындармен төлеуге тыйым салады. 


Жұбайыңның мерекесін ұмытуға тыйым салынған

Самао

Самао – өзінің ерекше заңдарымен танымал  Океандағы тәуелсіз мемлекет. Солардың бірі- күйеуі өз әйелінің туған күнін ұмытуға құқығы жоқ. Егер бұндай жағдай болса, сот толығымен әйелінің қолына түсетіндей етіп күйеуіне айыппұл төлетеді. 

Ақшаны басуға болмайды

Таиланд

Демалысын Таиландта өткізгісі келген адамдар үшін міндетті түрде ескеретін заңға де келіп жеттік. Бұл экзотикалық мемлекеттің жолдарымен қыдырғанда аяғыңыздың астына қарап жүруді ұмытпаңыз. Таиландта ерекше құрметті таилықтар бейнеленген тиындар мен қағаз купюраларды басу- заңға қайшы әрекет болып есептеледі. 




Бөлісу: