Әлемдегі ең қорқынышты сатылар

Таудағы ескі мекен немесе зәулім ғимарат шатырының шетінде еркін тұрып, көз алдыңызда пайда болған көріністен рахатқа бөленуіңіз мүмкін. Бірақ, бұл жанға жағымды көрініс сіз арқаңызға қайтуыңыз керек болған адамды ақылынан адастыратын сатылар есіңізге түспегенге дейін ғана жалғасады...

         Сатылар басқа жолдар секілді есіңізде бір өмірлік ұмытылмас естеліктер қалдыруы мүмкін. Олардың кейбірі өз көрінісімен сізді ғашық етеді, есіңізге сюрреалист суретшілердің суреттерінен түсіп келгендей сезіледі,  басқа бірі болса тек қана көңіліңізде қорқыныш оятады. Ескі сатылардан оның ескіргендігі үшін жүру өте қауіпті болса, заманауилері болса әдейі қорқыныш ояту мақсатында жоспарланған.  Төменде әлемнің әр бұрышында орналасқан 10 саты сіздің көңіліңізде қорқыныш оятпай қоймайды, ал сол сатымен жоғары шығу керек болса саты алдында тізелеріңіздің тітіреуі анық...  

Ангкор-Ват ғибадатханасы, Камбожа

Камбожадағы Ангкор-Ват ғибадатханасы әлемдегі барша будда дініндегілердің зират қылатын киелі ордасы есептеледі.  Ғибадатхананың ең жоғарысына төрт аяқтап немесе арнайы арқандарда көтерілудің еш ұят жері жоқ, өйткені сатының қиғаштығы 70 градусты құрайды. Жергілікті  гидтер сатылардың бұлай қиғаш жасалуының себебі адамдарға аспанға көтерілу оңай еместігін ескертіп тұру, деп түсіндіреді. Бірақ, ғибадатхананың ең жоғарысында тұрғанда аспаннан төмен түсуде оңай еместігіне көзіңіз жетеді...  

Пайлон дель Дьябло сарқырамасы, Эквадор

Сарқырамаға жабыстырыла салынған бұл сатыны тропик көріністерден рахаттану үшін арнайы осылай жасалған деп есептеу қабылданған. Бірақ оған «ібіліс қазаны» деген аударма бекер берілмеген.  Көрінісі тік етіп жасалған сатыны басып өту рахатқа бөлейтін іс деп айту артықтау болса керек. Саты сарқырамаға өте жақын құрылғандығы үшін ол жерде бірде-бір құрғақ немесе сырғанақ болмаған саты басқышын яки темір тосықтарды кездестіре алмайсыз.

  Халф Дом төбесіне алып шығатын арқанды саты, АҚШ

Калифорниядағы Йосемити ұлттық бағында еі әйгілі таулы шоққымен сіздің араңызда не тұрғандығын білесізбе? көтерілген сайын қиғаштығы артып баратын, жабайы аймақтардан өтуші  10 км. жол және бұл жолдың соңында  тау сыртынан өтетін, шоққының ең төбесіне алып барушы 100 метрлік арқанды саты тұрады. Бұл сатыдан күніне 3 мыңнан көп адам өтуіне тыйым салыннған, туристер одан өтуі үшін арнайы рұқсатнама алуы керек болады

Инктер сатысы, Перу

Әйгілі  Мачу-Пикчуде шамамен 500 жыл алдын инктер құрған тасты саты болып, бұл саты Уайн-Пикчу тау шоққысындағы Ай ғибадатханасына алып барады. Бұл төбешіктен ежелгі қаланың қирандыларға айналған көрінісі керемет көрінеді. Жергілікті әкімшілік тамашаға келушілердің санына шектеу қойған, бұл жерге күніне 400 кісі ғана келуі мүмкін және сатының ескірген жерлері  металл конструкциялармен құрсауланған.  Солай болсада өте сақ болу керек. Өйткені, сатының бір жағы вертикал қабырға болса, екінші жағында  Урубамба дариясына алып барушы жардан басқа ештеңе жоқ.  

«Азаттық» ескерткіші, АҚШ

Егерде сіз Нью-Йоркдағы «Азаттық» ескерткіші басындағы тәжде тұрып, айналаңыздағы керекмет көріністердің куәсі болуды қаласаңыз, бірақ, сіз клаустрофобиядан зардап шегуші болсаңыз, онда сізге өте қиын болады. Бұл ескерткіш тәжіне шығудың жалғыз жолы- оның ішінде орналасқан спирал көрінісіндегі тар екі сатымен жоғарыға көтерілу. Бұл сатылардың төбесіне дейінгі биіктігі 180 см.ды құрайды. Сонымен бірге әр күні туристермен лық толы болады. Ең сабыры күштілері ғана 377 сатыдан құралған жолды басып өтуі мүмкін, ал, бұл  20 қабатты ғимаратқа көтерілумен бірдей. Бірақ сатымен көтерілуденде ең қиын сынақ бар, ол тәжге шығу үшін билет алу.  

Флорли сатысы, Норвегия

Норвегиядағы Флорли гидроэлектростанциясы Люсе-Фьорд көлі айналасында өзіне тартып тұрушы хайкинг-батының басталу нүктесі есептеледі. Бұл жердегі саты сізді екі себеппен көңіліңізді түсіруі мүмкін. Біріншіден саты 800 метр биіктікке көтерілуші  4444 басқыштан құралған, екіншіден, ол бүтіндей ағаштан жасалған болып,  әлемдегі ең ұзын саты есептеледі.  

Хуашань тауына алып барушы “зәулім” саты, Қытай

Қытай даосындағы 5 киелі таудың бірі саналатын Хуашань тауынан ойып жасалған сатының анық қанша екендігін ешкім білмейді. Мүмкін, оны санап кқру ойында болағандар естен адастырушы қорқыныштан сан рет санан адасқан болар. Тау шоққысына вертикал көтерілу аяқталған соң, және бір «дозақтық» саяхат, таудың  вертикал бетіне орнатылған, ені бар болғаны үш тақтайшадан құралған және ұстау үшін арналған бір шынжырдан тұратын жол бойлап  горизонтал саяхат күтіп тұрады. Хуашанның шоққысына аяқ басқаныңызда алдыңызда күтіп тұрған жалғыз үйшік екендігін білесіз.

Монблан тауы шоққысындағы обсерватория сатысы, Франция

Бұл сатының басқыштары қолайлы, мықты орнатылған, жан-жағында тосықтары бар және бұл жерге келушілер саныда көп емес. Тек қана, сіздің жүрегіңіздің бір сәтке тоқтап қалуына себеп болуы мүмкін болған бір нәрсе  – бұл сатының Альпдегі ең биік шоққыда орналасқаны болуы мүмкін. Күшті самал және төмен қысымды ауада бұл «топтамаға» кіреді.  

Барселонадағы  Қасиетті жанұя ғибадатханасы, Испания

Бұл католик шіркеудің винт тәріздес сатысы көбірек Слинки пружина-ойыншығын есіңізге түсіреді. Сатының сізді Антонио Гауди жобалаған ғимараттың түбіне түсіп кетуден сақтайтын тосықтарыда бар.  

Гавайдағы Хайку сатысы, АҚШ

Саты өте қорқынышты болғанынан оны жауып тастау мүмкінбе? Әрине, мүмкін, Гавайдың Оаху аралындағы Кулау шоққысына алып барушы 3922 қозғалып қалған басқышты саты өте үлкен қауіп тудырады, ол арқылы көтерілуге заңмен шектеу қойылған. Заңның өте қатаңдығы, саты төменінде арнайы күзетшілер құрылған. Бұл «аспанға алып шығушы саты» деп аталған сатыны  1942 жылы АҚШ Әскери-теңіз күштері сарбаздары  Екінші дүние жүзілік соғысы жылдарында  коммуникация байланыстарын өткеру үшін құрған. Соғыстан соң бұл бағыт бойынша саяхаттау  хайкерлерге (хайкинг – альпинизмнің ең қарапайым түрі) өте қолай болған, бірақ 1987 жылы оны қауіпсіздік үшін жауып тастауға шешім қабылданған.



Бөлісу: