АҚШ-қа апарар жол: Жасыл карта

Тұрмысы төмен елдердегі көп жұрт үшін Американың грин-карта лотореясы – бақуатты өмірдің кілті. Сондықтан жылына миллиондаған адам АҚШ үкіметі ұйымдастыратын ұтысқа қатысып, бақ сынайды. «Жасыл карта» сырттан кішкентай жасыл пластик сертификат ретінде ұсынылған. Бірақ әрқашан олай болған жоқ. Айтпақшы, бастапқыда құжат қарапайым ақ қағазға басылған. 1940 жылы АҚШ-та шетелдіктерді тіркеудің жеңілдетілген процесі заңнамалық деңгейде қабылданды. Құжатты кез келген пошта бөлімшесінен алуға болатын. Бар болғаны мәліметтеріңізді толтырып, аз ғана ақы төлеу. Бұл АҚШ-та заңды тұру үшін жеткілікті болды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін жағдай өзгерді.Иммигранттар толқыны тіркеу ережелерін күшейтуге әкелді. Құжат жасыл фонда басып шығарылды. 1977 жылы картаның электронды нұсқасы – заманауи картаның прототипі жасалды. Бұл картаның жасанды түрінен қорғану үшін жасалды. 2010 жылдан бастап карта тек жасыл түспен шығарылады.

Қазіргі таңда «Жасыл картаға» өтінім беру басталды. Green Card аталатын DV-2024 лотереясына 5 қазан мен 8 қараша аралығында өтінім беруге болады.

Жасыл карта – Америка Құрама Штаттарында заңды күші бар және жеке басын куәландыратын құжат. Ол төлқұжат талап етілетін барлық жағдайларда көрсетіледі және карта жеке куәлік рөлін атқарады. Жасыл карта банк шотын ашу, жұмысқа тұру, виза алу және басқа көптеген жағдайларда қажет.

Құжаттың дизайны атауға сәйкес келеді. Карта жасыл және келесі ақпаратты қамтиды:

- резиденттің тегі, аты;
- карта ұстаушысының фотосуреті (цифрлық);
- саусақ ізі;
- жарамдылық мерзімі (ұзақтығы шығарылған күннен бастап көрсетіледі және 10 жыл).
Жарамдылық мерзімі аяқталғаннан кейін резидент елде тұруын жалғастыра отырып, картаның әрекет ету мерзімін ұзартуға құқылы, яғни міндетті түрде үйге қайтудың қажеті жоқ. Әрине, бірқатар шектеулер бар. Мысалы, мұндай адамдар дауыс бере алмайды, сонымен қатар мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды.

Лотореяға қатысып, жасыл карта ұтып алу үшін ең алдымен өтініштің дұрыс толтырылуы маңызды. Кейіннен қажетті құжаттарды жинаумен айналысу керек, сонымен қатар өтініш берушінің денсаулығы мен заң бойынша құқық бұзушылықтарында мәселе болмауы шарт.

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:

- кәмелетке толған азаматтар;
- орта білімнің болуы, бірақ артықшылығы жоғары білім, мамандығы бойынша екі жылдан кем емес жұмыс өтілі;
- Америка Құрама Штаттарына иммигранттар саны жыл сайын 50 000-нан аспайтын елдің азаматтығы.
Жасыл картаның басты ерекшелігі-АҚШ-тың резиденті статусын алу мүмкіндігі. Яғни, үміткер Қазақстан азаматтығын сақтай отырып, АҚШ-тың тұрақты тұрңынына айналады. Сайлауға қатыса алмайсыз, қалған құқықтарыңыздың бәрі америкалықтардыкімен бірдей болмақ. АҚШ территориясында ресми жұмыс атқарып, табыс табумен қатар мол тәжірибе жинауға зор мүмкіндік.



Бөлісу: