Ажал құрлығы
блог
“Жасыл құрлық” деп сипатталатын Австралияға бұл ретте басқаша атау бердік: “Ажал құрлығы”. Құрлықта адам сенгісіз аймақтар бар, әр бұрышында өлім қауіп салып тұрады. Ажал елшілері болса — табиғаттың жауыз жаратылыстары. Австралия қаншалықты мәдениеттенседе, ежелгі әлемге тән ең қорқынышты өлім жағыдайлары осы мемлекетте орын алуда.
Африкаға саяхаттаушылардың кейбірі арыстан немесе коркидон шабуылына, Массаи тайпасының найзасына кздескені туралы көп естігенбіз. Өмірдің өте аянышты тәрізде аяқталуы осыма? Бірақ, бұл әлі бітті дегені емес.
Австралияға саяхат құмар ойынындай. Тек ойынға өміріңізді қоясыз. Бұл жерде Африкадағыдай жолбарыс немесе коркидонға кезікпейсіз. Бұл жерде бәріде басқаша — төбеңізде жыртқыш құстар, аяғыңыз астында болса алып жыландар, тозақ елшілеріндей шаяндармен өрмекшілер… Акуладан бастап жәндіктерге дейін өзімен өлім қаупін алып жүреді. Жалпы, Австралиядағы әр бір жануар не жәндік аты ажал сөзімен мағыналас келеді.
Бұл құрлыққа саяхат жоспарыңызда болса, және бір рет жақсылап ойланып көріңіз. Төмендегі фотосуреттер шынайы, фотошоп емес әрине.
Жергілікті SkyNews телеканалында көрсетілген реал кадр. Акула қауыз жиегінде жүзіп жүр . Жиекте болса голф алаңы…
Түсірілім тобы бұл жерде кездейсоқ пайда болмаған: бір күн алдын осы су мақұлығы гольф ойыншысын тістеп алған болатын.
Қайсысының жеңіске жететініне куә болу қызық әрине, бірақ, ол үшін өміріңізді кепілге қоя тұруыңыз керек болады
Қаланың барлық пляждарында тек бір ғана ескертуді көресіз. Қандай қорқыныш болсада қаймықпайтын, өмірімен ойнаудан бас тартпайтын шомылушылар үшін жақсы ескертпе.
Ит акуланы ұстап алды!?
Су бетінде жүзіп жүрген ағаш қалдығы емес. Тірі қолтырауын. Ол жағалауда емін-еркін жүзіп жүр. Балалар шомылатын қала пляжында осы жануар кенеттен пайда болса не болады? Ойлаудың өзі қорқынышты.
Өкініштісі, бұл құрлықта қолтырауында ең бақытты жануар емес. Олар жыландардың олжасы. Қолтырауынды жылан жегені туралы естімеппін...
Австралияға баруды қалаушылар және бір рет ойланып көргені дұрыс ақ.
Ия, Австралияда бұқалар көліккеде шабуылдауы мүмкін. Қашуға үлгере алмайсыз, өйткені бұқалар еш қашан мүмкіндікті қолдан шығармайды...
Hello, казуар!
Мәлімет үшін: казуар (түйеқұс түрі)—оңбаған және қанқор құс. Ол өзіне кедергі келтіргендерді аямайды. Жүгіру бойынша гепардты арқада қалдырады! Казуар аяқтарының соққысы кісіні бөлектеп тастауы мүмкін.
Қайсы бірі тамақтануда?
Қиын таңдау — жәндікті өзі түскенше аяғыңызда алып жүресіз немесе аяқтан айырыласыз?
Суретке берілген мәліметтер бойынша, бұл қолтырауын “Сатана” деп аталады. Неге “Сатана”? Біз білмедік.
Түсініксіз тағы бір кадр.
Сурет авторының блогындағы жазу: “Екі сағат. Кешкі асқа маған екі сағат керек болған болса, бұл жәндіктердің көлікке шабуыл жасауына сол екі сағат жетерлік болыпты. Және екі сағат үйге жаяу қайтуға мәжбүр қылды”. Егер сіз Австралияда болсаңыз, көлік қою үшін қауіпсіздеу орын таңдаңыз...