Африкалық Кения туралы деректер

Африкалық Кения туралы деректер
жеке
блог

     Кения Республикасы - туристер жиі келетін Африка мемлекеті. Ел адам аяғы баспаған жабайы табиғатымен және көз жауын алатын жағажайымен халықты таңдай қақтырады. Ұлыбританиядан өз тәуелсіздігін 1963 жылы алған Кения қазіргі таңда құрлықтағы жедел қарқынмен өсіп келе жатқан мемлекеттер қатарында және сіз бұл мақалада ел туралы бұрын-соңды естімеген ақпаратпен таныса аласыз. Мархабат!

1.Кенияда құрлықтың шығыс бөлігіндегі ең үлкен әуежай орналасқан.
2.Елдің биік нүктесі өзі аттас Кения тауы, биіктігі 5199 метр.
3.Кенияда төрт жыл мезгілі емес, екі жыл мезгілі бар: құрғақ және жауынды ауа-райы.
4.Кенияда африкалық түйеқұстар (страус) тіршілік етеді.

страус Кении
(Түйеқұс-құрғақ аудандарда тіршілік етуге үйренген, ұшпайтын құстар тобына қарасты құс)
5.Ағылшын және суахили тілдері елдегі мемлекеттік тілдер санатында, бірақ халықтың көбі суахили тілінде сөйлейді.
6.Ел аумағында 59 қорық пен ұлттық парктер орналасқан.
7.Кенияда баобаб түйнегінен ащы кәмпиттер жасалынады.
8.Статистикалық деректер бойынша мұнда әрбір үшінші кениялық жұмыссыз.
9.Мемлекет атауы кикуйю тіліндегі Кере-Ньяга( тау/ ақ тау) сөзіне байланысты қалыптасқан.
10. Ethnologue дерегінше Кения Республикасында қазіргі таңда 68 тіл қолданыста.
11.Кенияның ұлттық валютасы - кениялық шиллинг. Мұндағы барлық банкнотта «ұлт әкесі» атанған 1964-1978 жылы ел президенті болған Джомо Кениатаның суреті бейнеленген.

банкнот Кении
12.Адамзаттың тіршілік бастауы болған Кениядан табылған ежелгі адам сүйектері шамамен үш миллион жыл деп бағаланған.
13.Кениялық күйеу жігіт отау құрғаннан кейін бір ай уақыт шамасында қалыңдық көйлегін киюге міндетті. Оны киіп қана қоймай жергілікті тұрғындар қабылдаған дәстүрді (әйелдер орындайтын) орындап, отбасылық альбомға естелікке суретке түседі. Әдет-ғұрыптың қатаң сақталуын қалыңдықпен бірге оның отбасы да талап етеді.

жених Кении
14.Арыстан патша мультфильміндегі Hakuna Matata сөз тіркесі суахили тілінен аударғанда hakuna сөзі “жоқ”, matata “уайым” деген мағынаны береді, демек “уайымдаудың жөні жоқ”.

hakuna matata
15.Ел азаматының рұқсатын алмай суретке түсіруге болмайды, бұл әдетте кениялықтарда ұнамсыз әрекеттердің бірі.
16.Кенияда ескі автокөлік құрсымынан (шина) жасалған жазғы жеңіл аяқ киімдер танымал.

сандалии