Теңіздер мен мұхиттар туралы қызықты деректер
блог
1. Әлемде 73 теңіз бен 5 мұхит бар. Теңіздердің 27-і Тынық, 13-і Атлант, 6-сы Үнді , 14-і Солтүстік Мұзды және 13-і Оңтүстікте мұхитта орналасқан.
2. Ең таза теңіз – Антарктида жағалауын шайып жатқан Уэддел теңізі.
3. Ең терең теңіз – Филиппин теңізі, оның максималды тереңдігі – 11022 метрді құрайды.Тынық мұхитындағы Мариан шұңғымасы осы Филиппин теңізінде орналасқан.
4. Мұхиттың ортасында орналасқан жалғыз теңіз -Саргасс.
5. Ең жылы теңіз – Қызыл .Бұл теңіздің ерекшелігі сонда,мұнда бірде- бір өзен суы құймайды.
6. Теңіз суларының құрамында тұз мөлшері өте көп, егер ол тұздарды өндіріп алатын болсақ, бүкіл жер бетін қалыңдығы бірнеше метр болатын қабатпен жабуға болады.
7. Теңіз толқындарының биіктігі қырық метрге дейін жетеді.
8. Әлемдегі ең суық теңіздер қатарына Шығыс Сібір теңізін жатқызуға болады.Ол Солтүстік Мұзды мұхитта орналасқан.
9. Ең таяз теңіз – Азов теңізі, оның тереңдігі 13,5 метрден аспайды.
10. Барлық теңіздердің ішіндегі көп мемлекет аумағын шайып жатқан – Жерорта теңізі.Ол 21 мемлекет жағалауын шаяды.
11. Теңіздер мен мұхиттар Жердің бүкіл тіршілік кеңістігінің 99% -ын қамтиды.
12. Ең алғашқы өмір теңіздерден(судан) бастау алады.Себебі,жер бетіндегі бүкіл заттың 90 %-ы құрамында су бар.
13. Теңіздер мен мұхиттар жер бетінің 71 % -ын алып жатыр және олар су ресурстарының 99%-ын құрайды.
14. Жер шарындағы ең ұзын тау тізбегі су астында орналасқан.Ол -Ортамұхит жотасы және оның ұзындығы 50 мың шақырымнан асады.
15. Теңіз суында шамамен 20 миллионға жуық тонна еріген алтын бар.
16. Дүниежүзілік мұхит суларының орташа температурасы +17,5 ° С.
17. Жердегі ең ірі қалалардың 75 %- ы жағалауларда орналасқан.
18. Бір кездері Жерорта теңізінің алып жатқан аумағы құрлық болған,кейін әлемдік мұхит суының деңгейінің көтерілуіне байланысты Атлант мұхитының сулары бұнда Гибралтар бұғазы арқылы құйылды.
19. Үнемі белсеніс үстінде болатын құйындар - Сцилла ,Харибда және Мальстрём.
20. Солтүстік теңіз және Балтық теңізі сулары тығыздықтарының әр түрлілігіне байланысты бір –біріне араласпайды.
21. Мұхит түбіне қарағанда Марстың беткі қабаты жақсы зерттелген.
22. Теңіз мен мұхит түбінде суға батқан үш миллионға жуық кемелер бар.
23. Еуразияның Азия бөлігінің жер астында алып жер асты мұхиты бар.
24. Теңіз түбінде де өзендер ағып жатыр,бірақ олар теңіз суымен араласпайды.