Алматыға ат басын бұрсаңыз......

 Алматыға ат басын бұрсаңыз......
жеке
блог

Мен өзімнің алғашқы блогымды көп ойланбастан көптен сағынып жүрген қалам Алматы жайлы жазуға шешім қабылдадым. Қазір өзім көрікті, жас Астана қаласында оқып жүрмін. Әр мейрамдар мен демалыс сайын реті келсе баспанам, бас қалам Алматыға баруға тырысамын. Әр барғанымда өзім үшін жаңа жерлерді ашып, таңдай қағып, Алматыға одан ары ғашық бола түсем.

Алматы қаласына келген әрбір қонақ өте көркем әсерде қалатыны сөзсіз. Алматының сұлу табиғаты мен оған үйлесе тұрғызылған жаңа ғимараттары өзіне ғашық етіп, осы қалаға қайта-қайта оралуға баурайды. Сондықтан Алматыға алғаш ат басын бұрып жатсаңыз, әрі уақытыңызды тиімді өткізгіңіз келсе осы блогымды бағдар мәлімет ретінде қолдануыңызға кеңес берем.

Егер сіз тарихи жерлерді тамашалағанды ұнатсаңыз, Іле өзені жанындағы Тамғалы тас шатқалы сізге ұнарына күмәнім жоқ. Алматы қаласынан 120 шақырым жерде орналасқан, көлікпен 2 сағаттық жер. Егер бұл жер туралы еш мәліметіңіз жоқ болса, турфирмалар арқылы баруыңызға болады. Бұл тарихи жерде 5000-ға жуық тас бетіне жазылған петролифтарды көруіңізге болады. Олардың ішіндегі ең танымалы шамамен XII ғасырға тән 3 Будда Құдайының суреті салынған тас. Суреттің астында “Ом манэ падэхум” деп жазылған, яғни “Лотос гүліндегі қарлы інжу ”. Сонымен қатар сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарларды кездестіре аласыз.

тастағы Будда Құдайының суреті, Тамғалы тас

 Егер Тамғалы тастан кейін уақытыңыз қалып жатса, одан біраз ғана шақырым жердегі “Көшпенділер қаласына” барып қайтуыңызға кеңес берем. Бұл ескі қала ішіне кірсеңіз дәл “Көшпенділер” фильміндегі ортағасыр уақытына түсіп, Түркістан қаласында жүргендей әсер алып, оның жай ғана фильмге арнап салынған декорация екенін ұмытып та кетесіз.Көшпенділер қаласы, Алматы облысы

Егер сіз таза ауада деп алып, табиғатты тамашалағанды ұнатар болсағыз, сізге таңдау көп. Уақытыңыз жеткілікті, әрі 2-3 сағаттық жол жүруге ерінбесеңіз, Алтын- Емел мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне барғаныңыз абзал.Осы табғи паркі ішінде орналасқан “Поющий бархан”-ның құрғақ ауа райында салған әні сізді таңдай қақтырары анық.Алтын-Емел мемлекеттік ұлттық саябағыПоющий бархан, Алтын-Емел мемлекеттік ұлттық саябағы

Сонымен қатар Шарын каньоны, Көлсайға баруыңызға да болады.Бұл жерлердің әрқайсысы нағыз феноменон, әрі бір біріне ұқсамайтын, қайталанбас табиғаты сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес,көзбен көріп, құлақпен естігенге не жетсін!Шарын каньоны, Алматы облысыКөлсай көлі, Алматы облысыҚайынды, Көлсай

Ал егер алыс жолға уақытыңыз болмаса, қала орталығынан 20 минуттық жердегі Үлкен Алматы көліне шақырамын. Бұл жерге жаздың аптапты ыстығында барып, қар жауса таң қалмаңыз, тау шыңында орналасқандықтан күз, көктем айларында қалың қар жатады.Үлкен Алматы Көлі, Алматы қаласы

Егер сіз белсенді демалысты жақсы көрсеңіз, Алматы қаласы дәл сіз үшін. Қыс айларында келген жағдайда коньки тебуге Медеуге, шаңғы, не сноуборд тебуге Шымбулақ, Ақбұлақ және Табаганга шақырамын.  Медеуге де, Шымбулаққа да автобуспен жетіп, керекті шаңғылар мен арнайы киімдерді қала орталығынан немесе сол жерден уақытша алуға болады.Шымбұлақ, Алматы қаласыМедеу, Алматы қаласы

Жаз айында белсенді демалғыңыз келсе, “Лесная сказка” демалыс орталы сізге арналған. Мұнда табиғатты тамашалап қана қоймай, әртүрлі экстремалды ойын-сауық түрлерімен айналысуыңызға да болады.Лесная сказка,Алматы қаласы

Егер қаражатыңыз жеткілікті болса, қала сыртындағы “8 озер” кешеніне барып, дәл шетелде демалғандай әсер алсаңыз болады. Мұнда суға түсіп, күн сәулесін қабылдап қана қоймай, балық аулап, қайықпен жүзіп, гольф ойнасаңыз болады.8 Озер, Алматы қаласы

Ал егер кешқұрым, не бос уақытыңызда серуендегіңіз келсе, Ботаникалық бақ, Теренкур, Көктөбе сынды жерлере барғаныңыз жөн. Ботаникалық бақ пен Теренкурдегі әсем табиғат, Көктөбеден көрінген түнгі қала шырақтары мәңгі есіңізде қалары сөзсіз. Сонымен қатар серуенге арналған саябақтар, атап айтқанда бірінші президет атындағы саябақ, М.Горький атындағы саябақ, 28 Панфиловшылар саябағы тіпті әдемі. Бұл желердің қай- қайсысы болмасын романтикаға толы.Ботаникалық бақ, Алматы қаласыбірінші президент атындағы парк, Алматы қаласы

Алматы қаласы сізді әрдайым құшақ жая қарсы алады!