Саусақтарынан сүйдім, оянбады...

Білесіз бе, бұл апта мен үшін өте қиын болды. Эфирге дайындалуы тиіс сюжеттердің бірін Аралдан түсіріп келгенмін. /Қызылорда облысы, жолы жаман/ сол сюжетті жаза алмай бір апта жүрдім, видеоны ашамын...қарап шығамын...жауып тастаймын. Текстті бастаймын, ойым бөлініп кете береді. Салдарынан басқа материалдарды да жазбаймын. Тек соны бітіріп тастау керек болды. Бұрын біздің шеф "тақырыппен жатып шығыңдар, жақсы туылады" деуші еді. Ал мына тақырыппен жатпайын десем де жатамын, түсіме кіреді... Баласынан айрылған ана оқиғасы. Былтыр елде гу-гу сөз болған оқиға. Тұңғышын мектеп ауласында сыныптастары ұрып өлтіріп тастағанын естіген боларсыз. Аралға келсеңдер үйге соғып кетіңдер деп шақырған болатын. Барған соң, кіріп шығайық, жағдайы қалай деп соқтым. Оқиғаның немен аяқталып, қандай дауға ұласып жатқанын сюежттен көрерсіз сәтін салса. Ал менің көз алдымнан жылап, мұңын айтқан ананың келбеті кетер емес. Ана жүрегінің езілгенін көргенде...қатты қиналады екенсің. әлі құлағымда сайрап түр. "Саусақтарын сүйдім. оянбайды, су бердім дым да ішпейді, құлағына сыбырлаймын, оянбайды...Мұздай болып жатты да кетті..." Перзентінің қазасын көрген жаман екен ана үшін. Осы оқиға түсіме де жиі кіреді. Анама айтып жатырмын, менің өлгенімді көрмеші деп... Тағы ойлап қоямын, ал мен анамның.... жо-жоқ ойлағым да келмейді... Мен өлімнен қатты қорқады екенмін. Жарайды Аналарымыз да, балаларымыз да аман болсын. https://www.youtube.com/watch?v=VEgDtbqtYVE&feature=plcp



Бөлісу: