Саусақ санамақ #6: 6-дан 10-ға дейінгі сандарды өзара көбейту
блог
Өткен жолғы бір жазбамда сандарды 9-ға көбейтуді сөз еткенбіз. Енді 5-тен 10-ға дейінгі сандарды екі қолдың көмегімен көбейтуді үйренейік.
Алдымен қай саусақ қай санға сәйкес екендігін белгілеп алайық.
Енді көбейтуге кірісейік. Көбейткіштерге сәйкес саусақтарды бір-біріне тигізейік. Түйіскен саусақтардың жоғары жағындағы әр қолдың бос тұрған саусақтар санын бір-біріне көбейтейік. Шыққан санға қалған саусақтарды 10-ға көбейтіп барып қосайық. Көбейтіндіміз шыға келді!
"Мына Али өзі не деп кетті, ештеңе ұқпадым" деген шығарсыз. Шынымды айтсам, кезінде мен де суреттер мен мысалдарды көрмейінше пәлекет те ұқпап ем.
Мысал келтіре отырып талдайық. Айталық, 7х8. Суретке назар аударыңыз.
Үсті: 3х2=6
Асты: 5х10=50
Барлығы: 50+6=56
7х8=56
Тағы бір мысал: 9х8.
Үсті: 1х2=2
Асты: 7х10=70
Барлығы: 70+2=72
9х8=72
Соңғы мысал: 6х6.
Үсті: 4х4=16
Асты: 2х10=20
Барлығы: 20+16=36
6х6=36
Енді түсінікті болған шығар.
"Саусақ санамақ" жазбалар циклын осымен доғарам. Әрине, талай әдістер қамтылмай қалды. Бірақ, бұл тақырыптан жалығып кеттім. Саусақтардан басқа да жазатын нәрсе аз емес қой. Әрі жетінші саусақтың суретін салуға да ерініп отырмын.
"Саусақ санамақтың" өткен тақырыптары: