Саусақ санамақ #3: екі қолмен 9-ға көбейту
жеке
блог
блог
Бастауыш сынып оқушылары көбейту кестесін үйренген кезде бестен үлкен сандарды көбейтуге қиналатыны белгілі. Амал жоқ, кестені ал кеп жаттайды. Алайда 9-ға көбейтудің мынандай жеңіл әдісі бар екенін естен шығарып алады.
Саусақтарды солдан оңға дейін нөмірлеп шығайық.
Енді 9-ға көбейтілетін санға сәйкес саусақты бүгейік. Сонда бүгілген саусақтың сол жағындағы саусақтар ондықтарды, ал оң жақтағылары бірліктерді көрсетеді. Мысалы, 4х9 болса, төртінші саусақты бүгеміз. Сонда сол жақта 3 саусақ (ондықтар), ал оң жақта 6 саусақ (бірліктер) болды. Яғни, жауабы 36.
Үйренуге де, үйретуге де жеңіл әдіс.
Келесі жолы жұдырықтың көмегімен айдағы күн санын анықтауды үйренеміз.
"Саусақ санамақтың" өткен тақырыптары: