Саусақ санамақ #2: бір қолмен 31-ге дейін санау
блог
Мектептегі информатика сабақтарында ұйықтамай, телефонда ойын ойнамай, агенте мылжыңдаспаған саналы оқырмандар бұл жазбаны оқымаса да болады.
Компьютер тек екі санды - "0" мен "1"-ді ұғатынын бәрі біледі. Яғни, ол тек "өшірулі" мен "қосулы" дегенді біледі. Ал өзімізге үйреншікті араб сандарын, әріптер мен басқа белгілерді біз компьютер байғұсқа алдап ұқтырамыз. Кез келген белгіні бірлер мен нөлдердің түрлі түрлі қисындағы жиынтықтары арқылы көрсетуге болады.
Теориямен басымызды қатырмай-ақ, бірден санауды үйренейік. Алдымен қай саусақтың "бағасы" (немесе басқаша "салмағы") қанша екенін көрейік.
Бұл "бағалар" 2-нің дәрежелері екенін байқаған боларсыз: 20=1, 21=2, 22=4, 23=8, 24=16. Қарапайым сөзбен айтқанда, "бағалары" екі есе көбейіп отырады.
Программистер санауды "0"-ден бастауға әбден үйреніп кетеді. Бұл жөнінде талай анекдот та бар. Ең белгілісі мынау:
Бір программист әйелімен дүкенге барыпты. Керек заттарын алып, далаға шыққанда әйелі: |
Енді керек санды білу үшін олардың "бағаларын" өзара қосып шықсаңыз болғаны. Мысалы, былай көрсеткендегі санымыз 19 болады.
Бір қолдың саусақтарымен көрсетілетін сандардың толық кестесі:
Бұл әдісті меңгеріп алған соң достарыңызға "Мен компьютер сияқты санай аламын" деп мақтануыңызға әбден болады. Егер екі қолды да пайдалансаңыз, бұл әдіспен 1023-ке дейін санауға болады. Ал керемет епті болсаңыз аяқтың саусақтарын да қосып, 1 048 575-ке дейін де санай аласыз.
Соңғы кезде өндірушілер бинарлық санақ жүйесіне негізделген көптеген қызық қол сағаттарын шығарды. Мұндай сағаттарда уақытты көрсететін тілдер де, сандар да жоқ. Солардың бірі Германияның The One фирмасы шығарған Kerala Trance Metal сағаты.
Бұл бинарлық сағаттардың тек бір нұсқасы ғана. Ғаламтордан іздеп көрсеңіз осы секілді сағаттардың небір түрлерін табасыз. Өзіме жапондық фирмалардың сағаттары ұнап қалды. Дизайндары көздің жауын алады, әрі бағалары да соншалықты шарықтап тұрған жоқ. Бірін алсам ба екен?
Келесі жолы екі қолдың көмегімен 9-ға көбейтуді үйренеміз.
"Саусақ санамақтың" өткен тақырыбы: