Саусақ санамақ #1: бір қолмен 10-ға дейін санау
блог
Біз әдетте онға дейін санағанда, екі қолымызды пайдаланамыз - бірден беске дейін бір қолдың саусақтарын, ал алтыдан онға дейін екінші қолымыздың саусақтарын бүгеміз. Ал Қытайда бір қолмен-ақ, онға дейін оп-оңай санай береді екен. Тіпті бір қолдың өзімен кез келген санды көрсетуге болады. Бұл санақ жүйесін үйреніп алғанымыз артық болмас. Бәлкім, шығыс көршіміз жаққа жолыңыз түсіп қалар.
Ал, бастайық.
Бірден беске дейінгі сандар өзіміз білетін бес саусақтық әдіспен көрсетіледі:
Ал алтыдан онға дейінгі сандар былай көрсетіледі:
Еш қиындығы жоқ.
Ал енді оннан үлкен сандарды көрсетуді үйренейік.
60 --> 6, 10
400 --> 4, 10, 10
7000 --> 7, 10, 10, 10
890 --> 8, 10, 10, 9, 10
Басқа сандарды да көрсетуге жаттығыңыз, мысалы, туған жылыңызды, доллардың бағасын, ұялы телефоныңыздың балансындағы ақшаны, жеке куәлігіңіздің нөмірін. Әйтеуір кез келген санды ала беруге болады.
Бұл қытайша санаудың ең қарапайым тәсілі. Бұдан әлдеқайда қиын жолдары да толып жатыр. Айталық, қытайлардың 12 санына негізделген саусақтық санақ жүйесі дүниежүзіндегі ең күрделі әдіс болып есептеледі екен. Оны тіпті меңгергім де келмейді, керегімді калькулятормен-ақ санап алармын.
Келесі жазбада бір қолмен 31-ге дейін санаймыз.