"Сәуір"
жеке
блог
блог
«Сәуір»
Аспан қою бұлтпен бүркенеді,
Сәуір айы ғажайып нұр төгеді.
Терезеге тырс етіп қайта ыршыған,
Ақ тамшылар не деген үркек еді.
Ақ тамшылар өмірге сән беретін,
Ақ тамшылар көңілге ән беретін.
Сәуір, Жаңбыр бәрі де үйлесімді,
Кез емес пе ширығып әлденетін.
Жыр жазбаппын қаңырап көшем көптен,
Жан едім мен әлжуаз бос ем неткен.
Ақ тамшылар сезімге себелеп өт,
Бұрқ-сарқ етіп сәуірде нөсерлеткен.
Шабыт күтем сәуірдің таңдарынан,
Өзге сыйлық бар ма екен жанға мұнан.
Ақ тамшылар сезімді, нәрлендірші,
Мезі болған өмірдің шаңдағынан.
Гүлге орансын елімнің сайын бағы,
Нөсерлетіп жаусайшы жауын тағы.
Ақ тамшылар асыққан сәлемімді айт,
Адамдарға мені сағынған алыстағы.
04.04.2011ж.
Әкемнің досы Дүйсенбай Нұрпашұлының өлеңі.