Жалбарынып Жаратқаннан тілек тілеп,
Жұмақты аңсамайтын жоқ еш пенде,
Жақсы амалды қыламыз «шашып... күреп»...
Жарым жүрек бүгінде сен де, мен де...
Ұмтылсақ құлшылыққа,ізгі істерге,
Ұмытпас Жаратқаным жаратқанын.
Ұттырмасаң уақытты жат «күштерге»,
Ұлы Алланың күтер ең таңы атқанын.
Мәңгі Тірі, Кіршіксіз, Көркем Алла!
Мәңгүрттік күйге бізді түсірмеші?
Мипалау секілдеген бұл жалғанда,
"Миссиямды" орындауға уақыт берші?...
Аузынан Алла есімі түспесе егер,
Адамның амалдары қабыл болар.
Армандаса дұғамен жылдам берер,
Алақанға хайырлы бақыт қонар...
Хазреті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) көптеген хадистерінде: «Мұсылман адам жұма күнi ғұсыл алып, жұма намазына барса, бiр апталық күнәлары кешiрiлiп және әрбiр басқан қадамы үшiн сауап беріледі». «Жұма намазын оқымаған кiсiлердiң жүректерiн Аллаһу та’ала мөрлеп тастайды». «Күндердiң ең абзалы жұма күнi. Жұма күнi - айт күндерi мен ашура күнiнен де абзал. Жұма осы дүниеде және жәннатта мұсылмандардың мейрамы». «Егерде бiр кiсi жұма намазына ешбір кедергісіз үш рет бармайтын болса, Аллаһу та’ала оның жүрегiн мөрлеп қояды. Яғни жақсылық жасай алмайтын болып қалады». «Жұма күнi бiр уақыт бар, сол уақытта жасалынған дұға қайтарылмайды». «Жұма намаздан кейiн жетi рет Ихлас, Нас, Фәлақ сүрелерiн оқыған кiсiнi Аллаһу та’ала бір апта қазадан, бәледен және жаман нәрселерден қорғайды». «Сенбi күнi яһудилерге, жексенбi күнi христиандарға берiлген, ал жұма күнi мұсылмандарға берiлген. Бұл күнде мұсылмандарға берекет пен жақсылық бар» - деген.
Жұма күнгi ғибадаттардың сауабы басқа күнде орындалған ғибадаттардың сауабынан екi есе көп. Жұма күні iстелген күнәлар да екi есе болып жазылады екен...
ПыСы: бұл жұмадан келер жұмаға төрт көз түгел жететінімізге ешкім кепілдік бере алмайды, сондықтан да... дұға-тілектеріңіз қабыл болсын. Жүректі де бір сәт азықтандырып қоялық...