Сатушылар сана-сезіммен қалай ойнайды?

Сатушылар сана-сезіммен қалай ойнайды?
жеке
блог

Дүкен аралау әркім үшін қалыпты жағдай. Бұл күнделікті қайталанып тұратын, қажеттіліктен туатын  процесс. Бірақ көбіне адамдар сол қажеттілік деген ұғымнан алыстап кетіп жатады. Яғни дүкенге бір кіріп шыққаннан қалтасы жұқарып, қалыптан тыс жеңілдеп кетеді. Сатып алушыға жағымсыз осы бір келеңсіз жағдай үшін кім кінәлі? Адамның ерік-жігерін өз қолында ұстап тұра алмауына не түрткі?

Қызық, бірақ сатып алушының сондай түсініксіз әрекеттерге баруына итермелейтін сатушылардың өзі екен. «Сатушының не қатысы бар?»-деген қалыпты сұрақ кез-келеген қарапайым адамның ойына келері сөзсіз. Себебі тауарын өткізіп тұрған сатушының жарнамасы қаншалықты күшті болса да, сатып алушы сол дүниенің өзіне керек не керек емес екенін өзі шешеді. Демек ешкім ешкімді ешнәрсеге мәжбүрлемейді. Сонда құпия неде?

Бұл сұрақтың жауабы қарапайым. Сатушы бүгінгі күнгі сатып алушының ең осал жерін біледі. Ол адамның сана-сезіміне терең бойлаған түйсіктерімен ойнайды. Яғни ашкөздік, жалқаулық, қорқыныш сынды жағымсыз қасиеттерімен білдіртпей, шебер ойнайды.

Дүкенге кіргенде естерінен айырылып, не алғандарын, не үшін алғандарын түсінбей қалатын адамдар аз емес. Олардың сол кездегі кейіптері құмар ойындарымен әуестенетін ессіздерге ұқсайды. Ең қызығы сол жандар үйлеріне келген соң естерін жиып, көздері ашылып өкініш отына оралып, шарасыздықпен жалғыз қалады.

Адамдардың сана-сезімінде шебер түрде ойнауды маркетологтар триггер дап атап кеткен. Ағылшын тілінен аударар болсақ мылтықтың тартпасы деген мағына береді екен. Сатылым өнерінде сатып алушыны тауарды алуға итермелейтін құрал дегенді білдіреді. Соның нәтижесінде адам ойы шатасып, ерік-жігері азайып, қалтасы жұқара бастайды.

Бұл термин магазин мен сауда орталықтарында ғана қолданылады деген ой-қате. Триггер интернет желілерінде де, банк мекемелерінде де кең қолданыс тапқан.  

Сатушылар адам сана-сезіміне иелік ету үшін қарапайым әрекеттерге барады. Мысалы сатылып жатқан тауарға кепілдеме беру арқылы адам сеніміне кіреді. Бұл кез-келгеннің бойына бала кезден енетін қорқыныш сезімін басуға көмектеседі.

Сатып алушыны шарасыз күйге енуіне көмектесетін түйсіктердің бірі ашкөздік екенін ерекше атап кеткен жөн. Адамдар әрдайым аз ақшаға көп нәрсе алсақ дегенді ойлап тұрады. Бұл дүкен қызметкерлері үшін таптырмас қару. Түрлі жеңілдіктердің, алуан түрлі акциялардың жиі ұйымдастырылып тұруы да осыдан. Олар тауардың бетіндегі сандарды қызылмен өшіріп, алдынғыдағыдан төмен жаңасын енгізу арқылы көзбояушылық жасайды.  Бірақ мезгілге байланысты ұйымдастырылатын жаппай сатылымдарды триггерге жатқыза алмаймыз. Себебі ол сатушылардың шарасыздығынан туатын әрекет.

Дұрыс ойлауға кедергі келтіретін тағы бір жағымсыз қасиетіміз-жалқаулық. Кейде адам зат сатып алып тұрғанда да таңдауға ерінеді. Сонда сатушының өзі бір затты ұсынып, келушіге тауарды таңдап береді.

Міне, дүкен қызметкерлерінің келушілерді алдауының түрлі жолдары бар. Шын мәнісінде көпшілік аталған қулықтарды біліп те, айтып та жатады. Бірақ неге екенін өздері сол шырмауыға қайта-қайта түсіп, шыға алмайды. Қысқасы арзанның сорпасы татымас дегенді жадыда сақтап, дүкенге барғанда өз сана сезімімізбен ойнауға жол бермейік. Себебі үйге барғанда өкініш отына оралатын өзіңіз.