Сәттілік әр адамның қолына түсе бермейді, кейбіреулері сәттілікті пайдалана алмаса, ал енді біреулері өзінің сенімділігіне жүгінеді. Бірақ шын мәнінде бұл сәттілік өмірде жоқ тәрізді, бұл бір сенімшіл адамдардың ойларында жүретін сағым секілді.
Кейбір адамдар болады, кейбір күндер сәттілікті қажет етеді деп, неше түрлі заттар тағады немесе ырымдары да бар... Сыртынан көрген кезде қызық болып келеді. Бірақ олар үшін бұл құнды зат.
Сәттілікті қалай жібермесем болады?! - деп толғанып жүретін жандар да жетіп жатыр. Бірақ онысы не керек?! Сәттілікті ұстап алды, ал енді?! Ол өмір бойы жалғаса бермейді, күндердің күнінде ол ғайып болады...
Не болса да сенімділігіңізді нығайтыңыз, тура жолдан қалыспаңыз! Ал сенімділіктің қайнар көзі не?! Бұны өзіңіздің жүрегеңізден сұрап көріңіз.. Егер жауап бере алмаса (ал ондай кездер болады), бір орында тұрмаңыз, қимылдаңыз! Өзіңізге нысана бағыттаңыз да, осы нысанаға бағытталуы керек қимылды таңдаңыз!
Не де болса сенімділік мен "сәттілікті" тілеймін!
Бірақ ұмытпаңыз: "Сәттілік тек шөл даладағы сағым тәрізді!"