Сәтті өткен кездесу

Бүгін, яғни 24 қазан күні біздің қара шаңырақ Қазақ Ұлттық Университетімізде айтулы кездесу өтті. Ол кездесудің қонақтары өзімізге белгілі «массагет ұжымы». Кездесу болашақ журналисттер қауымы үшін маңызды әрі қызықты өткеніне еш күмән жоқ. Ұйымдасырушысы біздің құрметті де аяулы ұстазымыз - Айкерім  Алимжанова. Кездесудің қызық өткені сондай уақыттың қалай зымырап өтіп кеткенінде байқамай қалыппыз. Небір сұрақтар қойып, өздерін қызықтырған сауалдарға толықтай жауап алып қанағаттанған студенттер массагетшілермен қимай қоштасты. Біздің 1-курс  студенттерінің  ішінен  ең көп қаралым мен пікірлер жинаған блогерлер арнайы массагет сыйлықтарымен марапатталды.  Менде өзіме керекті, білгім келген дүниелермен танысқаныма қуаныштымын. Кездесуде көбіміздің көргіміз келген  Болат Қосмағамбет, Ардақ Құлтай, Анар апай, Мейіргүл апай мен Сәния апайларымызбен тікелей тілдесу біз үшін үлкен мәртебе деп білеміз. Болашақта тағы да әлі талай керемет кездесулердің куәсі болатынымызға сенеміз.  Мен қысқа ғана кездесудің сәтті өткені жайлы ой бөліскім келді. Ары қарай онсызда менің группаластарым мен достарым жарыса жазып жатыр...



Бөлісу: