Сәтсіз уақыттар........

Сәтсіз уақыттар........
жеке
блог

       Бүгінгі таңымда ерте атты. Ұйқымнан әзер тұрып жұмысқа қарай беттедім. Өзім медицина саласында жұмыс жасаймын. Күнделікті қарап жүрген 1кг 800 граммдық баламыз бар. Туылғанына 36 күн болды, 4-5 күнде қырқынан шығады. Айтқандай ол егіздердің сыңары. Сыңарының жағдайы жақсы. Ал өзіне ота жасалғанына 20 күннен асты, әлі жазылар емес. Екінші ота жасауға нәресте  шыдамайтын сияқты. Бірінші ота жасалған уақытта хирургтар көпке шыдамайтынын ескерткен. Бірақ әлі күнге дейін аман-есен. Адамның айтқаны емес, Алланың айтқаны болады деген рас екен ау. Әттен біздің қолымыздан келетін мүмкіндік болса аямас едік, бар жағдайын жасап жатырмыз, беті бері қарайтын емес. Аппараттан осыдан екі күн бұрын шешкен едік, жағдайы қайтадан нашарлап кетті. Жасанды тыныстанып жатыр. Көптеген дәрілер салып жатырмыз, арасында қанда құямыз. Қан құйған жағдайының ауырлығын білдіреді. Мен бұның бәрін күнделікті көріп жүргендіктен айтарлықтай мән бермейді екенмін. Ойлап отырсам оларға берілген ауырлық қандай қиын, олар тағы сөйлейде алмайды, жылап жылап қояды. Кейде жылауға да шамасын келтірмей ұйықтатып тастаймыз. Осыдан бірер сағат бұрын анасы келген жағдайын сұрап жатыр, не айтарыңды да білмей қаласын. Бар айтарым жарасы бұрыңғыдан жазылайын деген деймін. Қазіргі күндері менде де үміт пайда болған, сол нәресте үйіне аман-есен шықса мен үшін біздің бөлім үшін бақыт, қуаныш болар еді. Менде үміттің пайда болу себебі расында сыртқы жарасы жазылайын деген, ал ішкі жарасын айтпай-ақ қойғаным дұрыс болар. Тағдырдың жазғаны осы шығар. Бұл сәбиге, отбасына берілген қиындықты біздің басымызға бермей-ақ қойсын деп сұранам жаратушымнан. Біз тек қана себепшілерміз ғой, не болсада Алладан болады. Мұны жазып отырған себебім, кейінгі ұрпағымыз бұлай болмас үшін, арақ, темекі жат қылықтардан аулақ болайық және ата-аналар сәбиді өмірге әкелмес бұрын, медициналық тексерілуден өткендері дұрыс сияқты. Кейбір ата-аналар өздерінде қауіпті вирустар барын білмей қалып жатады. Осындай себептерден жазықсыз сәбилерге қасірет шектіретінімізді ойланайық. Бұл менің ғана ойларым, артық кетсем кешірім сұраймын!