Негізі кешегі реалда көргенімді бөлісейін деп отырмын. ФБ-дан посттарды ақтарып отырғанмын. ФБ-лық бір әріптесімнің «семинар-тренинг басталды» деген постын оқып, "қатыссам болады ма?" сұрақ жолдадым. «Кел» деп жауап қайтарған ол мекен-жайды көрсетті. Барсам, біраз тренингтер өтіп кетіпті. Біраз ФБ-лық әріптестерім отыр екен. (Оларды көрудің де сәті түсті) Түскі үзілістен кейінгі бірінші тренинг қатысушыларды үш топқа бөліп, «Көшеге шығып өзіңе ерекше көрінген нәрселерді жазып келіңдер. 10 минут уақыт.» деп тапсырма берді. Менің тобымда Нұршат Төкен және Аяулым есімді қыз болды. Семинар өтіп жатқан «Мирас» оқу ғимаратының баспалдағынан түсіп келе жатып-ақ «ерекше» суретке көзім түсті. Бірақ, оны тобымдағылармен бөлісуге уақыт тығыз болды. Далаға шығып, бірнеше ерекше көріністерді түртіп алып, белгіленген уақыт аяқталған соң қайта келдік. Өзіміздің тапсырманы қорғап шыққаннан кейін Есенгүл Кәпқызы апайымыз «Интернет журналистикадағы репортажды пайдаланудың жолдары» атты тренингін жүргізді. Бірақ, менің ойыма жаңағы көрініс орала берді. ЖОО орны ғимаратында неге «сатананы» сипаттайтын белгі тұрғанын ойыма сыйғыза алмадым. Рас, «Мирас» оқу ғимаратында орыс тілді білім алушылар көп. Тәрбиелік мәні бар «стендтерді» барлық ЖОО орнынан, мемлекеттік мекемелерден көріп, оқып жүрміз және болуы міндетті дүниелер. Бірақ, дәл осындай "қаратпа бұрышты бейнені" бірінші рет көруім. Және, «сатаналық» белгі кімге керек болды екен. Орысша жазылған ол «стендті» өзімше қазақшаладым. Біраз уақыт бұрын осы тәріздес мәліметтермен танысқан болатынмын. Айналаңа қарасаң, арамызда екен «олар».