Сарыарқа газетіндегі "Алаш" идеясы

Сарыарқа газетіндегі "Алаш" идеясы
жеке
блог

Қазаққа «Оян, қазақ!» деп жар салған, ұлт қамын ойлап шарқ ұрған Сарыақа газетінің қазақ журналистикасында айтулы орны бар. Сарыарқаның негізгі көтерген мәселелері – қазақ мемлекетін құру, жоғалған елдікті нығайту болды. «Сарыарқа» газеті ұлт зиялыларының басын қосып, ұлтқа Алаш идеясы арқылы қызмет етті. Міне, осы идеяны негізге ала отырып газетті саяси газет деп нық айтамыз. «Алаш идеясы» дегеніміз – ұлттың мәңгілік темірқазығы.
Белгілі алаштанушы ғалым Тұрсын Жұртбай мырза «Алаш идеясын» мынадай бес топқа бөліп жүйелейді:
1. «Жер, жер және жер. Жерсіз Отан жоқ. Әлихан Бөкейхановтың ұйғарымы бойынша: қазақтың байырғы жерін қашан қазақтар өз бетінше ғылым мен техникаға сүйеніп толық игермейінше, жер жеке меншікке де, қоныстанушыларға да берілмейді».
2. Жердің астындаға, үстіндегі, аспанындағы барлық игілік қазақ мемлекетіне қызмет етуі керек. Ә. Бөкейхановтың айтуынша: «Оның әр бір түйір тасы қазақтың өңіріне түйме болып қадалу керек» болатын.
3. Ә. Бөкейхановтың жобасы бойынша, «Қазақтың жерінде өндірілген «бір уыс жүн сол мемлекеттің азаматтарының үстіне тоқыма болып киілуі» керек, яғни, толықтай экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізуге ұмтылуы тиіс еді.
4. Қазақ мемлекетінде мемлекет құрушы ұлттың тіл, дін, діл үстемдігі болуы керек.
5. Ғылымға, ұлттық салт, дәстүрге негізделген заңға сүйене отырып, Жапонияның үлгісіндегі ұлттық-демократиялық мемлекет құру еді.
Осы бес тармақ «Алаш» айнасының қазіргі таңдағы «Қазақстан – 2050» стратегиясы сияқты алар асуы мол, мақсаты – анық.