“Сарыарқа” газеті

Сонау 1917-1918 жылдарына терең бойласақ, алаш қайраткерлерінің шығармашылық жолындағы біршама еңбектерінің қатарында аталмыш “Сарыарқа” газеті бой көрсетеді.
Алаш зиялыларының саяси-қоғамдық мәселелерді көтере отырып оқырманға жол тартқан газеттердің бірегейінің қатарына осы газетті жатқыза аламыз.
Газетке ден қойып, қалам тартып отырғанымыз бекер емес. Жұрттың саяси санасын қалыптастырып, тәуелсіздік рухын сіңірген бұл газеттің шығарушысы Халел Ғаббасұлы бола тұра, дәл сол кеңестік саясаттың құрбаны болды. Дәл осындай қиын-қыстау заманда елдің елеулі оқиғалары мен ұлт санасын жаңғырту үшін жарық көріп, қазақ қоғамындағы маңызды рөл атқарардай газет болса да, қазіргі таңда әлі зерттеліп, дәріптеле қойған жоқ.Бұл газет жайлы да ақпаратқа сусындап, дерек іздеу жоқтың қасы. Алашордашылардың бірталай іс-қимылдары, халықты азат етудегі әрекеттерінің біршама көрінісі мен аталмыш тұлғалардың саяси бағдарламасы осы газеттің тарихы терең Семей қаласында шыққанына байланысты басылғандығына назар салсақ болады.“Алаш” партиясының органы ретінде қабылданғанының өзі газеттің саяси-қоғамдық маңызын аңғартады.
 



Бөлісу: