...Сен...әлі де хабарласпадың!!!!! Не деген тас жүрек едің?!... 4 апта бойы сені күтуменен күнім өтіп жатыр... Қызық екен...тура қазір жазғаның: "Доброе утро! Желаю хорошего дня!", - деп... түк те болмағандай?!
...Иә, сен ақыры маған хабарластың!!! 4 аптадан кейін маған смс жаздын...жүрегімнің қатты қысылғанын сезсең ғой?!
...Сол 14.09.2013 кездестік...сағынып қалыпсың мені...құшақтап, маңдайымнан иіскеп қойдың...тук те болмағандай ыржиып, жол бойы әңгімеңді айта бастадың...
...сол түні досың, оның қызыменен төртеуміз боп, кино көруге барамыз...
...НЕ болады екен егер де мен оның қызыннан жұлдыздар туралы сұрақ қойсам?! Жынданғаныңды сездім!!! Байғұс жүрек бәрін сезеді!!! Бәрін түсінеді!!! Бәрін, бәрін!!!
...сеанс бойы үндемедің...қолымнан да ұстамадың...қандай суық едің?! Сүйегімнен сол суықтық өтті де кетті!!!
...ренжігенің сол-ақ па?! Жұлдыздар туралы сол досыңның қызынан сұрағаным үшін бе?! Ол қыздың жұлдыздар туралы жақсы хабары бар екенін білесің, себебі, ол да әнші...
...қызық екен...бірінші мәрте мені үйге апарып тастағаның...тез құтылғың келгені деп түсіндім...ашу-ызаңды көрдім...түріңе қарап артық сұрақ қоюсыз бәрін түсіндім!!!
...Автокөлігіңнен түскенімде, дым да сөз қатпадың...бетімнен сүйіп, шығарып салдың...Неге көңіл-күйің болмады деген сұрағыма, бәрін сосын түсіндіремін деп жауап қаттың!
...түні бойы ұйқы маған жоламай, мені айналып өтті...екі көзім бақырайып, таңды да аттырдым!!!
...сенің хабарыңды күттім... неше түрлі ойлар басымнан кете қоймасын-ай?!
...Сен жаздың...жазып қана қоймай, мені хабарыңмен сөктін!!! Бар болғаны сол досыңның көзінше жұлдыздар туралы сұрақ қойғанымды ұнатпай қалғаныңды жаздың, тіпті жынданып тұрғаныңды іштей сезе қойдым?! ... Осы хабарламаға жауап беруіңді қаламаймын деп қойыпсың!!! ...Сонда қалай болғаны?! Үн қатпай, басымды изей бергенімді қалап отырсың ба?! Жо-жоооқ!!! Мен сенің жауабына бәрін...бәрін жасырмай жая салдым, ішімдегі саған деген ренішімді, уайымымды, сезімімді... Жүрек байғұс дүрсілдеп соға жөнелді...саусақтарым дірілдеп қоя берді...
...Сен, менен бас тарттың! Оны бетіме түсіндіріп те айта алмадың!!! Жаным қатты ауырды, тұншығып кеттім...көзімнен жас тоқтамай аққанын көрсең ғой?!...Бар болғаны сол жұлдыздар туралы сұрақ үшін бе?!
Мен сенбеймін!!! Бұл жерде сенің отбасың араласқан шығар?! Мүмкін маған деген сезімің сөніп қалған шығар?! Немесе досыңның қызы шығар?! Одан естуімше екеулеріңіз "в контактіде" жақсы араласып қоясыңдар екен...ішімнен біртүрлі бола қалдым...қызғанбауға тырыстым...Себебі, оның іштей маған қызығып қарайтынын байқап калғанмын, рас! Қалай болса да, неге маған шыңдықты айта алмадың?!... Санама талай-талай сұрақтар келе береді...
...Қалай болса да, Б... мен сені сүй-дім!!! Саған деген махаббатым шексіз болды... Өміріме келгелі бері, сенің арқанда мен кө-п өзгердім!!! "Менің ең ақылды, ең әдемі, тәтті қызымсың..."деген сөзіңді ұмытпаймын ...Саған шын жүрегімнен бақыт тілеймін!!! Егер де менен асқан сұлу қыз кездестіріп жатсаң, жаным, өтіне-мін?! Шындықты ешқашан жасырмай, ашық түрде айтуыңды! Тек, қиналмашы!!! Ешқашан!!! Ешқашан!!! Сен бақытқа лайық жансың!!! Менің балапанымсын!!! Мен сені ешқашан ұмытпаймын Ақ бала!!! Саған көп-көп рақмет!!!