Сары шәйнек

Сары шәйнек.

Ашулы жанартаудай үні неткен,
Қайнайтын бір керемет құдіретпен,
Ақ пеште әр кез қайнап тұратын ед(-і)
Сап-сары эмаль шәйнек сыры кеткен.

Оны да әрқайсысы қор қылатын,
Үстелге де пешке де соғылатын.
Дастарханға будақтап келе жатыр
Ренішін айтқан бейне долы қатын.

Басқа шейнек жоқ емес, толып жатыр
Серванттың көрмедейін қорында тұр.
Ескі жау атыспаққа жақсы деген
Ескі шәйнек қанымды болып жатыр.

Басқа шәйнек бұрын-ақ тынар еді,
Сыры кетпек түгілі сынар еді.
Тек біз емес, туыстар, көрші-қолаң
Сол шәйнектің шәйіне құмар еді.

Бұл шәйнектен шыққан шәй-дәрі шәй деп,
Мақтауларға қарық болған сары шәйнек
Бал татыған өзіндік құнары бар,
Тамсанатын бәрі де «дәмдісі-ай»- деп.

Көзге ыстығы болады-ау бұйымдардың,
Бұл шәйнектен естелік құйылған мың.
Қуаныш мен қайғыны бірге кешіп,
Болған талай куәсі жиындардың.

Еңбек етіп келгенде терді басып,
Оттан жұлып табанын... келді тасып.
Құрымдата сүтпенен құйылғанда,
Рахаттана ішуші едік шөлді басып.

Дәл сол дәмді басқадан сезінбейін,
Қалайша шыдамыңа езілмейін.
Мәселе шайда емес, естелікте,
Ескі шәйнек-апамнын көзіндейін.



Бөлісу: