САРЫ ҚЫЗ-АУ...

САРЫ ҚЫЗ-АУ...
жеке
блог

Сары өріктей уылжып ең күздегі,

Бірақ, қолым бұтасынан үзбеді.

Қиялыма, шабытыма ақ қанат,

Бітіргендей құшақтағы қыз демі.

 

Сары күздей сағыныш ең сары орман,

(Сап – сары алтын сағынышқа оранған).

Сары қыз – ау, дәл мендегі сағыныш,

Мына сенің сезіміңнен жаралған.

 

Жүрегіме қуат беріп мың үміт,

Мың үміттен үркек қайғым тығылып.

Сары қыз – ау, сары күннің нұрындай,

Таратқансың жүрегіме жылылық.

 

Көңілде мұз, ал, қабақта көк қырау,

Дегенім жоқ арманыма жеттім – ау.

Сары қауынның тілігіндей ерніңнен,

Сары қыз – ай, бір сүйе алмай кеттім – ау.

19.05.2008 жыл