Жыл өткен сайын экология мәселесі өзекті болып келе жатыр. Адамдар қоқысты сұрыптауды енді үйреніп келеді. Қоғам белсенділері, тіпті қарапайым адамдар табиғатты қорғау мақсатымен түрлі акциялар ұйымдастыруда. Кейбіреудері қоқысты өңдеп пайда табуда. Жақында инстаграм желісінде @talkan_jem парақшасынен таныстым. Бұл ЖШС-нің жетекшісі Бағдат Сарсеев. Ол өзінің тобымен Алматы қаласында нанды сұрыптауға арналған жәшіктер орнатып, бүгінде нанды жемге айландыруда. Оның айтуынша жобаны осы жылдың қаңтар айында бастаған.
Халқымыз нанды құрметтеп, жастайымыздан «Нан қиқымын шашпаңдар, Жерде жатса, баспаңдар» деп тәрбиелейтін. Кезінде ата-бабаларымыз қиын кезеңде бір түйір нанға зар болғанын қазір ұмытып кетеміз. Қатып қалса бірден қоқысқа тастаймыз. Бірақ оның обалын түсінбейміз. Сондықтан да осындай мәселені шешу үшін Бағдат Сарсеев нанды өңдеуді қолға алған. Бүгінде нанды жинайтын арнайы жәшіктер Алматы қаласы Әуезов ауданының қоқыс жәшіктерінің жанына қойылған. Аудан 70 пайыз қамтылған. Осы жылдың аяғына дейін Әуезов ауданы толық қамтылады. Ал Алматы қаласы бойынша 2020 жылға дейін қамту жоспарлануда. Нан қоймаға жиналғаннан кейін сұрыталып, кептіріледі. Кейін арнайы қондырғы арқылы үгітеледі. Пайда болған нанның үгітіндісі ірі және ұсақ қара малға арналған жемге айналады. Наннан өзге пайдалану мерзімі өтіп кеткен ұн, макарон өнімдері, түрлі жармалар өңдеуге жатады. Жем малдарға қауыпсыз. Себебі жемге тек нанның 20 пайызы қосылады. Компания айына 6000 кг нан өндейді. Бастама жетекшісінің айтуынша алдағы уақытта жемнен басқа наннан тыңайтқыш жасау, одан бөлек Алматы бойынша азық-түлік қалдықтарын өңдеу жоспарда бар.
Сурет: @aida_alimbekova