Сартай батырдың соңында қалған баласы кім болды екен????
блог
Мүмкін мынау қайда жүр дерсіздер. Бірақ, ел мақтаған атақты фильм бізге Ақтөбеге тек орыс тілінде келді. Біртүрлі барып орысшасын қарауға арым жібермеді. Қашан қазақшасы келгенше күтпек болдым. Бірақ, Астана күніне орай Мың баланы барлық ұлттық, мемлекеттік, үкіметтік арналар бірінен соң бірі беріп жатыр.
Кеше Қазақстан арнасынан қазақ тілінде көрдім. Ұнамады емес, ұнады...Актерлар да, түсірілуі де, жалпы бәрі де...Әсерім де шексіз...
Қорланды пышақтап өлтіргенде жыладым..."Алдым кегіңді" дегенде Таймас жыладым...Сартай батыр бірге бола алмаймыз дегенде Зереге жыладым...Сартай өліп бара жатып жоңғардың туын жыққанда жыладым...Сартай өлгенде жыладым....
Бірақ, тарихта Сартай Аңырақай шайқасында өлмеген. Ол тірі қалған. Кейін би болып, қартайып қайтыс болған. Сонда бұл өз тарихымызды өзіміз бұрмалау ма?!
Ал мен үшін біртүрлі ұят, біртүрлі білмейм, әйтеуір біртүрлі көрінген бір жәйт - Зере жүкті болып қалыпты ғой...Жауға шапқалы жатқан батыр қалайша төсектес болып үлгерген бір күннің ішінде...Олар деген өрімдей балалар ғой. Сонда әкесі бердім батамды десе некесі де қиылмастан батырдың қасына жатып шығу керек па?! Маған сол жері ұнамады...Әлде бұл сценарий авторларының ойлап тапқаны ма? Қалай десеңіз де соңғы жағында көзге ұрып тұрған сәйкессіздік бар сыңайлы...Мүмкін мен тарихтан бейхабар шығармын....