Сәрсенхан Батырхан
жеке
блог
блог
Атама арнау
Ата сен өлесің бір күні,
Ізімен алжыған көп шалдың.
Аз ғана доғарып күлкіні,
Амалсыз мақтармын.
Отырам көшкендей омбы қар,
Көзімді толтырып моншаққа.
Барыңды күндейтін сорлылар,
Жер теуіп жылайды сол шақта.
Шығарар жырау қып,жыршы ғып,
Бәрі де, бәрі де сандырақ
Өкпешіл баладай қырсығып,
Табыттан тұрмайсың сен бірақ.
Жұрт келер тойындай көпестің,
Жанарға қалқан ғып жең ұшын.
Өлгенше ем берген екі ешкің,
Өлгенше бақырар жем үшін.
Мен едім тік өскен бақша тал,
Өрімдей бұтағы көкке ауған.
Өлмеші,өлмеші ақсақал,
Жалықтым өлгенді мақтаудан.