Саржал

Саржал
жеке
блог

Шаған өзенінің таудан шығып жазыққа құлағаннан кейінгі өңірін Қорық бойы, не болмаса Саржал өңірі дейді. Мұнда Тельман атындағы ірі шаруашылық орналасқан. Қорықтың ұзындығы отыз, көлденеңі 15-20 шақырымды алып жатқан орасан үлкен алқап. Шаған суы Қорық бойына келгенде сыпыра жазыққа жайылып кетеді де, орасан зор шабындықтар пайда бо- шеңгелді бұталармен лады. Айналасы қалың ши, көмкеріліп, ащылы-тұщылы ойпаттары малға толып, : "Көде түбіннен мал өреді" деп аңыз жасайтын Шыңғыс өңірінің бірінен саналады. Шалқар - Шаған өңірі Абай ауданының облыс ор- талығы Семейге жүз шақырымдай ғана тұратын, жол қатынасы жақсы совхозынан саналады. Қорық бойы - Саржал елі деп аталатын бұл атыраптың тарихы Қалқаман мен Мамыр оқиғасынан мәлім. Қыз да, жігіт туыстас, қандас адамдар. "Біз те осы ұрпақпен  қаталдықты ұстанамыз" деген ниетпен Еңлік пен Кебектің қазасы кезінде де "ата салтымыз осы" деп, Кеңгірбай бидің алдынан шықпаған осылар. Көкенай … осы ұрпақтармен аталас. Бертін келе Абайдың өсиеті тарап, алдыңғы қатарлы жастары өнер дүниесіне құлшына кіріскен ауылдан сана- лады. Шалқар Шаған өңіріндегі бір ерекшелік Абайдың барлық шығармаларын жаттап алушыларды дәріптеп, со- лардың үлгісіне кейінгі жастарды түсірумен әуестену- шілігі. Рақыш, Беделбай, Қуанышбай; Ыбырай сияқты жүйріктер Абай өлеңдерін бірер тыңдағаннан кейін-ақ жаттап алып, ел арасына айта беретін болған. Ал ерлі- зайыпты адамдар арасында Абай өсиеті мен өлендерін көп білуге бәсекелесу - жиі ұшырасатын атырап та осы - Саржал бойы. Жылысбай мен Торғындар дәл осындай өнердің адамдары болғаны белгілі. Ойын-думан кездерінде өлеңмен айтысуды әркім біле беретін өнер көріп, ойдан жұмбақ құрап, әзірленушілер де осында жиі ұшырасады. Шешендік салыстырып, әдемі әрі жыл- дам сөйлеп үйренуді шығарған да Шалқар Шаған өңірі. Сқақбай сияқты "қойшының қоңыр торысын" жорға өнеріне үйреткен сыншыны да Шағаннан көргенбіз. Ал Жақыман деген аты шулы аңшы Қаршыға түгіл, бүркітті де қалғып отырған жерінен ұстап әкелетін өнерімен бүкіл Шыңғыс өңірі түгіл, даңқы көпке жеткені мәлім. Абай осындай өнеріне бұл ортаның қайран қалып, аса қадірлеген, жиі аралап, көп адамдары Абайдың маңында болған. Әсіресе, жазға салым телегей теңіз көркемдік жамылатын Қорық бойын аралаудың өзі ғажап қызғылықты сауықтың бір түрінен саналады. Ені мен көлденеңі төрт жүз шаршы шақырым жерге жайылып жатқан су мен Ертістен Шаған бойын қуалай бері жүзген балықтар иірім-иірім айдындарда қалып қояды да, көп ұзамай Қорық беті балыққа толады. Мұндай кездерде бүкіл құс атаулы осы өңірге жиналады да, ас- панда сабаласып жатқан жыртқыш қанаттылардың шайқасын көріп тұрудың өзі бір керемет! Табиғат байлығының өзі адамдарына да ерекше сезім күйін сыйлаған сияқтанады. "Шағанға бармай серілік  қүрам дегенді қой" деген сөз ел аузында күні бүгін мәтелге айналып кетті. Шаған өңірінде жігіт қызды  емес, қыз жігітті таңдайды. "Қыз көретін жігітті біз көрелік" деп, жар салушылар Қалқаман-Мамыр заманы- нан қалған мирас екеніне дау болмасқа керек.

Кәмен Оразалин

«Абай ауылына саяхат»  (Ұлы ақынның 150 жылдығына арналады), Алматы «Жалын» 1994ж, 224-бет