Сарғайған хат...

Өмір бір қызық құбылыс. Таңданып таңдай қағуға әсте мұрша бермейді. Самат өз басынан дәл сондай жағдайды өткерді. Ескі қойын дәптерін ақтарып отырып сарғыш тартқан, бүктелген бір хатқа көзі түсті. Хатты енді танығандай. Бұл хатты жоғалып кеткен болар деп ойлаған еді. Енді келіп мұнда жатқаны. Қаншама естеліктің икуәгері осы бір хат. Ия. Балалық махаббатының куәгері жалғыз ғана жыртылуға аз қалған мына бір бір тілім ғана парақ. Хатты оқуға батылыда жетпейтіндей. Қобалжып отыр. « Самат мен сені шын сүйдім, жанымдай жақсы көрдім, бар болмысыммен сендім. Сенімен өмір бойы бірге болатынымды армандап, сенің үйіңде келін болып жүргенімді елестетуші едім. Барлық ойым, барлық көңіл-күйім бір саған байланысты еді. Жаным, болашақ перзенттерімнің әкесі деп «сен» деп айтуға дәтім бармай қашанда «сіз» деп сізге құрмет көрсетуші едім. Саған сенгендігім соншалық сізден еш күдіктенбейтінмін. Қайда болдың, кіммен болдың деп тергеуге қимайтынмын. Себебі сізге сенген едім, сізге ғана сенген едім Самат. Әр бір айтқан сөзіңізді, әңгімелеріңізді, өлеңдеріңізді тыңдағанды жақсы көруші едім. Бір сәт тілдеспей қалған сәтімде өзімді көңілсіз сезінсем, бір күн тілдеспегенге жалғанда жалғыз қалған жандай жабырқап қалушы едім. Менің сізге кешірім бермей жатқаным бұл бір қатыгездік болар. Білемісіз мен сізді кешіргім-ақ, келеді. Сізді аңсаған жүрегім жаныма тыным бермеуде. Еріксіз жанарымнан ақ моншақ тамшылар тамуда. Жоқ! Кешіргім келгенімен кешіре алмаймын... Себебі сіздің айтқан әр бір сөзіңізге күдікпен қарайтын болдым. Бәрі де жалғандай болып көрінеді. Сезімімді сенімсіздікпен лайлағым келмейді. Бұлай шешім қабылдау, жүрегіме үкім етуі мен үшін оңай болмады. Мен саған қатты бауыр басып қалыппын. Сізден айырылсам, сенімен енді қайта кездесе алмайтыным, жүрегіме біреу қанжар сілтегендей болады. Ия, сатқындықтың өткір жүзді семсері сертті бұзып, адалдық қорғанына баса көктеп енгендей. Мен ештеңеге қарамастан сізді сүйіп өте берем. Тек, соны ұмытпаңыз. Бұлай шешім қабылдағандығым үшін әсте сөге көрмеңіз... Мен сізді сүйем жаным соны ұмытпаңыз!». Самат ұмытқанда емес. Өмір өз арнасына бұрып Саматтын есін шығарды. Биіктерден құлатты, жанарына жас алдырып жылатты. Ойлап тұрса өмір мұны аз сынамапты. Сол алғашқы сынақ осы сезімнен бастау алғандай... Бүгін екі бірдей ұлдың әкесі атансада, балаң сезімі жүрегінде әле ғұмыр кешетіндей... Ия. Гүлжан екеуі екі көктем, екі күз егіз қозыдай жұптарын жазбады. Бұларды көрген жандар Қызжібек пен Төлеген деп сырттарыннан атапта жататын. Бірақ, жырдағы ғашықтардың қосылмайтын ащы тағдыры бұларды да айналып өтпеді...



Бөлісу: