Киш (фр. - quiche) —
Франция асханасының тағамы. Қатпарлы қамырдың үстіне сүт, жұмыртқа және ірімшік салмасы бар ашық бәліш. Сүтті қоспасына ет, балық, көкөніс, т.б. қоса беруге болады. Бүгінгі мәзірде саңырауқұлақ пен көкөністер саламыз.
Сонымен, бүгінгі киштің құрамы:
Қамырына:
Ұн – 250 гр Сары май – 80 гр Жұмыртқа – 1 дана ТұзСалмасы:
Саңырауқұлақ – 150 гр Брокколи – 100 гр Болгар бұрышы – 100 гр Жұмыртқа – 3 дана Клегей 20% – 200 мл Ірімшік – 150 гр Зәйтүн майы – 2 ас қасық Мускат жаңғағыКиш бәлішінің дайындалу тәсілі
Брокколиді суық тұзды суға салып, отқа қоямыз. Су қайнағаннан кейін 1-2 минуттан кейін отты өшіріп, брокколиді бірден суық суға түсіріп аламыз.
Ыстық табаға зәйтүн майын құйып қыздырамыз. Қызып тұрған табаға саңырауқұлақты және болгар бұрышын саламыз. Тұз салуды ұмытып кетпеңіз.
Суы кеткенше қуырамыз.
Табада қуырылған көкөністерімізді тарелкаға түсіріп аламыз.
Пешімізді 200ºС-та қыздырамыз.
Қамырды тоңазытқыштан алып, 3-5 мм қалыңдықта жаямыз да, қалыптың ішіне жақсылап салып, үстінен оқтаумен басып шығамыз, сонда артық жерлері кесіліп қалады. Қамырдың үстін шанышқымен тескілейміз, сонда пеште піскен кезде қамырдың асты үрленіп кетпейді.
15 минуттай пісіреміз.
Қамыр үрленіп кетпес үшін, үстіне ауыр салмақты ыдыс салып та пісіруге болады.
Мен бәліш пісіретін қалыпқа асбұршақ салып, ауырлатып, бастырып қойдым.
Жұмыртқаны кілегеймен және ірімшікпен араластырамыз.
Тұз, бұрыш және ұсақталған мускат жаңғағын қосамыз.
Осымен саңырауқұлақ және көкөністер қосылған өөөөөте дәмді киш дайын!!!!!
Астарыңыз дәмді болсын!