Қазақстан ұлан байтақ жер. Тәуелсіздігімізді алғалы алға жылжып, технология, медицина секілді салалар да алға қарай тартылып келеді. Бірақ, фильм түсіру жағынан артта қалған шығармыз. Әртістер өз жұмысын сауатты атқара алмай ма, әлде, режиссерлар сапасыз ба? Көпке бірдей айтпаймын, өз ісінің хас шебер мамандары бар, әрине! Ал, кейбіреулеріне актерлік шеберлік жетпей жатады. Бізге басқа ел фильмдерін көрсеткендей, біздің ел кино индустриясы да қашан сондай жоғары дәрежеге жетеді екен деп ойлаймын... Керемет емес пе, басқа ұлт адамдары қазақ фильмдерін асыға күтіп, теледидар алдына жиналса... Еліміз үшін қандай орасан зор жетістік болмақ! Сәннен қалмай, ХХI ғасыр фильмін түсіремін деп әлек. Қазағымызға жат, шет елге тән қылықтың керегі жоқ. Бұрынғы Шәкен Айманов, Талғат Теменовтың режиссерлік етіп түсірген фильмдерінен режиссерлік шеберлікті айқын көруге болады. Ал қазіргі заманға-үлкен қабілет пен фантазиясы жоғары нағыз маман иесі керек. Ал сондай режиссерлар қайда? Қазіргі режиссерлар өздеріне қандай үлкен мүмкіндік беріліп тұрғанын білмейді. Тарихы мықты, шежіресі жоғары елдің ұлылығын ұлықтайтын, таныстыратын қызықты да шыжықты оқиғаны бір фильм аясына сиғызуға болады. Неге тек бір фильм? Мүмкін бөлім бойынша түсірер.
Мұнда тек режиссерді кінәләуға болмайды. Актер да өзі түсіп жатырған фильм әлемінің есігін ашып кіре алмаса, сондағы рөлдің ауыртпалылығын сезіне алмаса, көрермен жүрегіне де жол таба алмайды...
Алипова Жаннұр
9 сынып