Сәнді серік еткен жұлдыздар

Сәнді серік еткен жұлдыздар
жеке
блог

        Көктем келіп аруларымыз дәл осы 2015 жылдың сән үлгісі қандай болатынын асыға күтетіні рас. Мықты, танымал дизайнерлердің айтуынша бұл жылдың ең сәнді киім үлгісі бұршақты киімдер болмақ. Алайда, әңгіме ол жайында емес.

стиль

        Аруларымызға сән үлгісі ретінде интернет беттерінде жүрген сәнді образдарды ұсынып отырмын. Қазіргі кезде сурет болсын, лайкпен шамалайтын болдық қой. Көп лайк жинаған сурет немесе бейне халық пайымдауымен үнемі үздік болып танылып отырады.  Тіпті, енді бұл лайк қазақшаға «лүпіл» болып та аударылды.

стиль

 

стиль

        Өзіміздің қазақ эстрадасында жүрген жас әншілерден сәнді киінетін әншілер де бар. Мәселен, КешьЮ тобының бұрынғы құрамында ән салған Айдана Меденова мен Кәмшат Жолдыбаева. Инстаграмда түрлі образдағы суреттерінен бас ала алмайсың. Мәселен, Кәмшат неше түрлі образдарға еніп отырады.

меденова

 

камшат

        Лидо баршаңызға жақсы таныс. Қазіргі таңда сәнді киімдерімен, сәнді образдарымен әлеуметтік желілерде де жұлдыз болып отыр. Көп қыздар оның әсем суреттеріне қызыға қарайтыны да рас.

лидо

       Өзіміздің түркі елдерінде де сәнді киім, сән үлгісі деген қалыпты жағдай. Мысалы, Түркиялық өнер адамдары, соның ішіндегі жастар. Синем Кобал ақ сары түсті шашымен түрлі стиль түрін оңай жарастырып алады. Ал Мерве Болугурға қаталдықты көрсететін жабық түсті киім үлгілері керемет жараса кетеді.

синем

 

мерве

       Бәрімізге, әсіресе қыздар қауымына «Ты мой дом» атты киносымен танымал болып кеткен Фахрие Эвджен үнемі барлығын сүйкімді күлкісімен тәнті етіп жүреді. Сол күлкі мен сәнді киім үлгісі үнемі әдемі үйлеседі. Мәселен, «Королек птичка певчая» телесериалында Фахриенің киім үлгісі хиджаб түрінде болады. Соның өзін әдемі үйлестірген сәнгерлер арқасында сериал да өте жақсы шыққан.

фахрие

 

фахрие

       Танымалдықтан бөлек қарапайым халық арасынан шыққан сұлулар хақында не білеміз? Ондай аруларымыз өте көп. Дегенмен, арасынан көзге ерекше түскен арулар да бар. Мен өзіммен қатар университет қабырғасында оқитын студент қыздың суретке ерекше түсе білу қабілетіне ерекше назар аудардым. Қарапайым қазақтың ару қызы. Біздің қазақтың арулары шетінен сұлу. Бәрінің де қызығатыны содан болар. Бұл ару қыз жайында толық мәлімет бере алмаймын, дегенмен интернет беттерінде, яғни әлеуметтік желілерінде өзі жариялаған суреттерін ұсына аламын.

ардак

 

ардак

 

ардак

 

ардак

        Жалпы, ару қыздар елде көп. Бәрін тізіп отыра алмаймын, себебі, қазақтың қыздарын сипаттасақ мына шетелдің шығарған озық технологиялы компьютері жанып кетер))))

арулар

Бұл сән үлгілерінен қалыс қалмайтын жалпы арулар хақындағы пост болды. Ендігі кезекте ер адамдар арасынан шыққан келбетті актер жігіттер туралы постымды күтіңіздер. Жуық арада дайын болады. Жігіттер туралы, әсіресе олардың сән үлгісі туралы жазу қиынырақ болар, дегенмен, тырысып көрейін)))!!!!!!!!!!!!!!!